Адам жеңілу үшін жаратылмаған. Адамды құртып жіберуге болады, бірақ оны жеңу мүмкін емес.
Эрнест Хемингуэйдің бұл сөздерін оқыған кезде, Мұхтар Шаханов ағамыздың "Отырардың күйреуі" атты өлеңінен келесі бір үзінді есіме түседі. Шыңғысханның Қайырханға айтқаны:
– Иә, Қайырхан, – дедi сосын жай ғана,
– Рух ердiң өзегi ғой қайда да.
Ең әрiсi
Жеңiлiстiң өзiн де
Шешкiң келiп тұр өзiңнiң
пайдаңа.
Жiгiттepiм рухыңа қармақты
Салмақ болып,
Тәнiңдi әбден қорлапты.
Батырлықтан бағың бiрақ жанған, ә,
Маған қарап күлiп тұрсың сонда да.
Олар сенiң жеңгенiмен тәнiңдi,
Амал нешiк,
Жеңе алмапты жаныңды...
Адам рухының өлшеусіз биіктігі мен күштілігін дəлелдейтін осындай мысалдар қаншама. Менің айтайын дегенім, рух ол Алланың бізге берген баға жетпес сыйлығы. Қандай жағдай болмасын, рухыңыз биік болып, тастарыңыз өрге домаласын.
p.s. Бұйырса, əр жазбамның астында осындай қысқа жазбалар қалдырып отырамын!