TGStat
TGStat
Введите текст для поиска
Расширенный поиск каналов
  • flag Russian
    Язык сайта
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Вход на сайт
  • Каталог
    Каталог каналов и чатов Поиск каналов
    Добавить канал/чат
  • Рейтинги
    Рейтинг каналов Рейтинг чатов Рейтинг публикаций
    Рейтинги брендов и персон
  • Аналитика
  • Поиск по публикациям
  • Мониторинг Telegram
Даналық иірімдері

19 Sep 2017, 20:35

Открыть в Telegram Поделиться Пожаловаться

Шоң би Тіленші би өлгеннен кейін орнына дұға оқып қайтайын деп жанына ел жақсыларын ертіп барыпты. Тіленшінікі бірнеше күн Шоңды сыйлап, құрметтеп, күтіп, сонша жақсы ниет көрсеткен. Шоң жүретін күні қоштасуға Тіленшінің балалары Тоқсанбайды, Бердібайды, Қойшыбайды және Бұзаубайды шақыртады. Барлығын көріп сынап, ішінен Тіленшінің орнын басады-ау! – дегені болмаған соң, «бұлардан басқа мен көрмеген баласы бар ма?» деп сұрайды. Үй іші Алшынбай деген бір таз баласы бар, жылқы бағып жүр дейді.

– Ендеше, соны шақырыңдар? – дейді Шоң.

Жылқы ауылға таңертең келе жатқанда, алдынан кісі барып Алшынбайды алқа-салқа, күпісінің жеңін беліне ораған күйінше Шоңға алып келеді. Үйге кірген соң, Алшынбай түрегеп тұрып Шоңға сәлем береді. Сонда Шоң:

– Бәсе, ағамның орнын ұстайтын баласы жаңа келді ғой, – деп қуанып, оң тізесінен орын береді. Өзі қайтқанша қасынан жібермей көп әңгіме, ақыл айтып:

– Бұдан былай ағамның орнына сен би болып, ел басқар! – деп тілек білдіреді.

Бұл кезде Алшынбай жиырмаға жетпеген уыз жас жігіт екен.

Шоң ауылына қайтарда Алшынбай бір қара нармен, бір үлкен қара кілемді сыйға тартып ұсынғанда, Шоң:

– Мен ағамның баласынан сый алайын деп келгенім жоқ, – деп сыйын алмай, атына мініпті. Алшынбай Шоң биді шығарып салу үшін еріп шығып, «Айыркезең» деген таудың түбінде аттан түсе қалып, рұқсат (ұлықсат) сұрап:

- Кеше бесінде барып түскеннен бүгін бесінде аттандыңыз. Сіз түскеннен аттанғаныңызша алдыңызда жұлдыздай ағып сөйледім де, отырдым, бір қақпадыңыз. Сіздей кісі қақпайтұғын (сөзімді бөлмейтіндей) менің сөзім сонша мүлтіксіз, оң болып кетті ме, болмаса мені ақымақтанып, әуейіленіп кете берсін дедіңіз бе?! - депті.

Сонда Шоң би айтыпты:

- Сенің ана бір сөзіңнің анадай сөкеті бар еді, о бір сөзіңнің мынадай оғашы бар еді [деп], жұрт көзінше топ ортасында пәлен-паспадан демегенім: «Қарадан хан болды деген Шоң да бұған бір ауыз бір нәрсе деуге жарамады»,- деп, елің қатықтай қатып, сүттей ұйып, қалта қарап тұрып қалсын!- дегенім ғой!»- дегенде, Алшынбай жылап жіберген екен.

- Айыркезеңді ұмытпасаң, бір қаруын қайырарсың, балам! - деп, Шоң би жүре берген екен.

215 0 0
Каталог
Каталог каналов и чатов Подборки каналов Поиск каналов Добавить канал/чат
Рейтинги
Рейтинг каналов Telegram Рейтинг чатов Telegram Рейтинг публикаций Рейтинги брендов и персон
API
API статистики API поиска публикаций API Callback
Наши каналы
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Почитать
Академия TGStat Исследование Telegram 2019 Исследование Telegram 2021 Исследование Telegram 2023
Контакты
Справочный центр Поддержка Почта Вакансии
Всякая всячина
Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности Публичная оферта
Наши боты
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot