Төрт тентек
Мөңке бидің бала кезінде бір бай жоқ сұрау үшін кешкілік келе жатып, еру ауылдың жанында асық ойнап жатқан бір топ балаға жолығыпты. Балалардың бірі байдың атын үркітеді. Оған бай ашуланып әлгі баланы қуалайды. Байдың мінгені асау байтал екен, баланың желбіреген көйлегінен үркіп мөңкиді. Мөңкіп жүргенде байдың басынан бөркі ұшып түседі, Байтал одан бетер тулап байды жығып кетеді, бай қаза табады.
Сонан кейін байдың тумалары және елінің игі жақсылары жиналып келіп балалардың елінен құн сұрайды. Екі ел келісе алмай кеңес бірнеше күнге созылады. Мөңке сол ауылдың баласы екен, жиналған көпке келіп, былай деген:
– Иə, ағалар-билер, сіздер бұл кеңесті тым ұзаққа создыңыздар ғой және бір шешімге келе алмадыңыздар. Осының билігін маған берсеңіздер мен тез бітірер едім», - депті.
Көпшілік баланың ықыласына ризалық білдіріп, бір ауыздан:
– Билікті бердік, ал айта ғой, - деседі.
Сонда Мөңке бала былай депті:
– Бұл шалдың өліміне кінәлі ел емес тентек, ал мұнда тентек төртеу. Меніңше сол төрт тентек құнды бөліп төлейтін болсын және ердің құны жүз жылқы болсын, - депті.
Бұл билікке екі жағы да түсіне алмай:
– Тентек кімдер? - деген сұрақ қояды.
Сонда Мөңке бала:
– Біріншісі: мың жылқыдан бір жуас ат таба алмағандай, асау байталға мінген және елде адам құрығандай асық ойнаған балалардан жөн сұраған бай тентек, екіншісі: адам көрмей жүргендей баладан үркіп тулап, байды жығып өлтірген байтал тентек; үшіншісі: ұшып түскен бөрік тентек, төртіншісі: байталды үркіткен бала тентек. Мінеки, осы төрт тентек құнды бөліп төлейтін болсын, - депті.
Бұл билікке екі жақта разы болып, балалардың ауылы құнның төрт бөлігінің бірі-жиырма бес жылқы төлеп құтылыпты. Мөңкенің би болуына осы билігі басты себеп болған екен.