Ожырайдың батасы
Айсек деген болыс бір қараша ауылға қона қалса, қонақасыға сойылған малдан, не болмаса сол үйдің адамдарының жүріс-тұрысынан, тартқан табағынан бір мін тауып, айыпқа жығып, ат-шапан алып елге күн бермепті. Жәбір көргендер Ожырайға келіп шағынады, орайы келген бір жолы Ожырай да Айсек қонған үйге бірге қонады. Сойған малдан, адамдардың жүріс-тұрысынан еш мін таба алмаған Айсек өзімен бірге қонған Ожырайды жақтырмай осы арқылы айып алмаймын ба деп ойлайды. Сонымен алдына табақ келгенде басты алмай, жамбасты алып кесіп жей бастайды. Ожырай оған қарамай басты ап ауыз тиіп, үй иесіне ұсынады. Оған Айсек ала көзімен бір қарап қойып, қолыңдағы жамбасты ұсынбай сүйегіне жеткізе мұжиды. Осы арада айып салмақшы болған Айсек, тамақ жеп болғаннан кейін үйдің бір жігіті бата сұрап қолын жайғанда, “басты кім ұстаса батаны да сол береді” деп қоразданьш отырып алады. Сонда Ожырай былай деп шұбырта жөнелді:
— Алдымен Айсек алды таңдағанын,
Онан соң біз алдық оның алмағанын.
Басты қойып, жамбасты ұстаған соң,
Енді білдім Айсектің алдағанын.
Е, Айсек, сен несіне бажырайдың,
Сөзіне құлағың сал Ожырайдың.
Басты қойып жамбасты өзің алдың,
Еркіңше асаймын деп аппақ майын.
Жілікті қазан жаққа ұсынбадың,
Келін-кешек дәметсе де қымсынбадың.
Етке тойып, тағы айып дәметкендей,
Мынауың ісі емес қой мұсылманның.
Мұнымен жақсы болыс болмағаның,
Айып пен құлын екен ойлағаның.
Аппақ майға, ей, Айсек, тойсаң-дағы,
Көзіңнің жаңа білдім тоймағанын.
Жоқ жерден елге салма көп айыпты.
Жігіттер “Әумин” деп қол жайыпты.
Бас кескен Ожырайдың батасы осы,
“Бісміллə, Аллаһу əкбар” дей салыпты.
Сөз сүйегінен өткен болыс айып алмақ түгілі, ұялғаннан қыбыжықтап “бәсе, осындай болса керек” деп жантая кетіпті.