TGStat
TGStat
Введите текст для поиска
Расширенный поиск каналов
  • flag Russian
    Язык сайта
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Вход на сайт
  • Каталог
    Каталог каналов и чатов Поиск каналов
    Добавить канал/чат
  • Рейтинги
    Рейтинг каналов Рейтинг чатов Рейтинг публикаций
    Рейтинги брендов и персон
  • Аналитика
  • Поиск по публикациям
  • Мониторинг Telegram
Даналық иірімдері

25 Sep 2017, 21:36

Открыть в Telegram Поделиться Пожаловаться

Бодық шешен бойы аласа, арық, сақал-мұрттан жұрдай көсе адам екен. Бiр күнi ол Қарқаралы қаласының көшесiнде арғын, қаракесек Алшынбай би мен аға сұлтан, тобықты Құнанбайға кезiге кетедi. Алшынбай би Бодықпен ертеден таныс болса керек, көрген бетте соқтыға сөйлейдi:

– Бөке, алты ай жаздай ел кезсең де иегiңе түк бiтпептi ғой, – деп көселiгiн бетiне басады.

Сонда Бодық жұлып алғандай: 

– Е, шырағым Алшынбай-ай, құстың мұрнындай қусырылған иектi қойшы, Сарыар­қаның жазығындай басқа да түк шықпай жүргендер бар ғой, – деп Алшынбайдың таздығын меңзеп қалады.

Әзiлдiң арты зiлге айналып бара жатқанын сезе қойған Алшынбай би: 

– Бөке, менiкi сiздi сөйлету ғой, мә, мынаны алып, батаңызды берi­ңiз, – деп 25 сом ақша ұсынады.

Ол кездегi Николай ақшасы бо­йынша бұл ақша бес жылқының құны екен. Бодық ақшаны қалтасына салып жатып:

– Е, шырағым Алшынбай, мұның жөн ғой, жүйрiк боздан шығады, ақылды дәл өзiңдей таздан шығады, – деген екен.

Бүкiл қаракесектi ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырған құдасы, азуы алты қарыс Алшынбай бидi бiр ауыз сөзбен асты-үстiн жездей қақтаған Бодық шешенге аға сұлтан Құнанбай риза болып, қыбы қанып қалады. Оны сезген Алшынбай:

– Қой, бұдан да бiрдеңе iлдiрейiн деген ниетпен:

– Әй, Құнеке-ай, сенiң де қалтаңның түбiн тесiп жатқан бiр жиырма бес сом бар-ау, –дейдi.

Құнанбай мына пә­леге берiп құтылайын деген ниетпен қалтасынан жиырма бес сомды алып Бодыққа ұсына бередi. Сонда Бодық ақшаны алып жатып:

– Шырағым Құнанбай, көзiң соқыр болса да, көңiлiң соқыр емес екен, – дептi.

Сөйтiп Бодық шешен әйгiлi Алшынбай би мен атақты аға сұлтан Құнанбайдан он жылқының құнын қалтасына басқан екен.

278 0 0
Каталог
Каталог каналов и чатов Подборки каналов Поиск каналов Добавить канал/чат
Рейтинги
Рейтинг каналов Telegram Рейтинг чатов Telegram Рейтинг публикаций Рейтинги брендов и персон
API
API статистики API поиска публикаций API Callback
Наши каналы
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Почитать
Академия TGStat Исследование Telegram 2019 Исследование Telegram 2021 Исследование Telegram 2023
Контакты
Справочный центр Поддержка Почта Вакансии
Всякая всячина
Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности Публичная оферта
Наши боты
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot