TGStat
TGStat
Введите текст для поиска
Расширенный поиск каналов
  • flag Russian
    Язык сайта
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Вход на сайт
  • Каталог
    Каталог каналов и чатов Поиск каналов
    Добавить канал/чат
  • Рейтинги
    Рейтинг каналов Рейтинг чатов Рейтинг публикаций
    Рейтинги брендов и персон
  • Аналитика
  • Поиск по публикациям
  • Мониторинг Telegram
Даналық иірімдері

30 Sep 2017, 20:20

Открыть в Telegram Поделиться Пожаловаться

Жапақ шешеннің батасы

Ертеде Жапақ дейтін сөзге тапқыр кедей жоғальш кеткен сиырын іздеп келе жатып, бір байдың үйіне қоныпты. Шөлдеп келген жолаушы сусын сұрапты. Бәйбіше кәрлен (үлкен) кесеге толтырып айран құйып беріп жатса:

— Әй, қатын, аздау бермесең ол мешкей айраннан түк те қалдармас, — депті бай әзілдеген боп.

Сараң байдың үйі қонаққа қаба бақанда жаюлы тұрған көп еттен аспай, жай көже жасап беріпті. Дастарқан жиналарда үй иесі Жапекеңе:

— Ал ас қайырып, дасгарқанға бата бер,- дегенде ол іркілместен:

Менен бата сұрайсың аталаға,

Атала ішіп жолаушы жата ала ма?

Бір қабырға сыдыртсаң көзің қиып,

Мына отырған жаман шал қақала ма? — деген екен.

Сөзден жеңілген үй иесі ертесінде мал өріске кетпей бір лақты есік алдына көлденең тартып:

— Уай, Жапеке, сені бір қатырайын деп едім, өзімді ұялттың ғой, енді бір малдың басын жеп кет. Қане, бата бер,- дегенде, қонақ лақтың әрі жас, әрі союға жарамсыз екендігін байқап:

— Бата бер дейсің лаққа,

Дауысы кетер жыраққа.

Ет жемесем жемейін,

Бейшараны жылатпа.

Мына сорлы жас екен,

Қоң жинасын қоя бер,

Сыйлаймын десең басқа бер,

Пышаққа ілінерін соя бер, - депті.

Әбден сөзден жеңілген үй иесі Жапекеңді семіз мал сойып, көңілін тауып, риза еткен соң: «Ақыры бата бердің ғой, енді мына асқа бірдеме де»,- деген екен, Жапекең қолын жайып:

— Әуелі бердің шай,

Көңілің болсын жай.

Сонан соң бердің тоқаш,

Болмасын мінезің оғаш.

Әлден соң бердің ет,

Қызарған соң бет.

Одан бердің сорпа,

Сөзімнен тек қорқа.

Сөз реті осылай болды,

Болмасын басқа қолқа.

Әумин, Аллаһу əкбар! — депті.

415 0 0
Каталог
Каталог каналов и чатов Подборки каналов Поиск каналов Добавить канал/чат
Рейтинги
Рейтинг каналов Telegram Рейтинг чатов Telegram Рейтинг публикаций Рейтинги брендов и персон
API
API статистики API поиска публикаций API Callback
Наши каналы
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Почитать
Академия TGStat Исследование Telegram 2019 Исследование Telegram 2021 Исследование Telegram 2023
Контакты
Справочный центр Поддержка Почта Вакансии
Всякая всячина
Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности Публичная оферта
Наши боты
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot