Репост из: Azattyq - Азаттық
Demoscope: Қазақстандықтардың жартысынан көбі (53,1%) бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді қолдамайды
Респонденттердің 22,1% шешімді қолдаса, 15,5% мәселеге бейтарап қарайды. Demoscope қоғамдық пікірді зерттеу бюросының қараша соңы мен желтоқсан басында жүргізген “2024 жылы Қазақстанда болған ең айтулы оқиғалар” атты сауалнамасының нәтижесі осыны көрсеткен.
“Қазақстанның барлық дерлік облысында бұл шешімді қолдамайтын азаматтардың үлесі басым екені байқалады. Әсіресе, уақыт бір сағат артқа жылжыған өңірлерлерде наразылық айқын көрінеді” деп жазды зерттеу авторлары.
Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар қаладан 1100 адам қатысқан.