БІЗГЕ 4 ЖЫЛ🥳
✈️«Áitarym bar» арнасы – жүректің сөзін жазып, жанымның жағалауындағы үнімді жеткізер мекен. Төрт жыл ішінде қанша сезім, қанша ой мен толқыныс кестелеп, жыр жолына айналған сәттерім! Әр жазылған дүние – өзімнің бір бөлігім, әр сөзім – өзім. Сен менің мұңымды да, шаттығымды да, үміт пен армандарымның шексіздігін де сыйдырдың.
✨Төрт жыл бойы жарық сәуле секілді жанды тербеп, оқырманның жүрегіне үн қаттың. Қазір, болашақта да жаңашылдыққа, шынайылыққа ұмтылып, арнаны жаңа деңгейге көтереріме сенімдімін. Әр сөзімнің, шығармашылығымның куәгері болған жақындарыма, достарыма, оқырмандарыма алғысым шексіз.
✨«Áitarym bar» – бұл тек сөз емес, өмірдің әр тарауында өзіммен бірге болар шығармашылық сапар. 4 жылдығың құтты болсын, арнам! Алда әлі жүректің түбінде жасырынып жатқан дүниелердің жарыққа шығар сәті күтіп тұр! Мен сенің ғұмырың ұзақ болатынына, мені әлі өсіретініңе, үнімді көпке жеткізетініңе сенемін.
Ал құттықтауларыңызды қабылдаймын🥰