Қазір социалды еркіндікті (мұндай сөз бар ма білмедім) үш түрге жіктеуге болатын секілді:
1) Өз-өзін жұмыспен қамтамасыз еткендер. Бұлар қашан ұйықтайды, қашан тұрады, қайда қыдырады, қалай демалады өз еркінде. Ол үшін ешкімге тәуелді емес.
2) Жалдамалы жұмысшылар. Бұл топ өкілдері жұмыс берушінің талаптарына бағынуға мәжбүр. Одан тысқары уақытта өз еркі өзінде.
3) а) Мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер. Бұларда еркіндік те, таңдау да аз. Түнгі клубқа барып билеуге, купальникпен суға түсуге, онысын әлеуметтік желіге салуға мүмкіндігі жоқ. Салған күні жұмыстан кетуі бек мүмкін.
ә) Молдалар, дін қызметкерлері. Бұ кісілерге ең қиыны. Біріншіден, жоғары жақ қатаң бақылауда ұстайды. Көрінген постқа пікір жазып, ұнаған суретіне лайк баса алмауы мүмкін.
Одан қалса, жиырма төрт сағат әулие, періште қалыпта жүруі керек. Пенделік танытуға, қателік жасауға жол жоқ. Жақсы көлік мініп, қымбат смартфон ұстауы да қоғам назарында. Оларға тіпті түнгі клубтың жанынан өтуге де болмайды.
Ал, Сіз қай тарапқа жатасыз?)
Әпендінің әңгімелері каналынан алынды.