Фильтр публикаций


Репост из: Динара Боранбай
Есейіп кеткен жүрек ерлікке бармайды, тартыншақтап тұрады. Баланың жүрегі ғана тәуекелшіл.

Б. Момышұлы


«Егер айналаң тас қараңғы болса, тағы бір рет қара. Бәлкім, жарық сенде шығар»

(С) Руми


Бәлки, жарық – сен шығарсың…


Сенің есімің – Кешірім...


…Ойдан басқа серiгiм жоқ. Сенделгем.
Түсiмде де ойлар маза бермейдi…
Жұмыр жерден сыр жасырғым келгенмен,
Жүрегiме кiр жасырғым келмейдi.

Жазығы жоқ махаббатты жылаттым,
Дәргейiңнен дәрмен күттiм дауалым.
Жанарында жасырынған сұрақтың,
Таба алмадым жауабын…

Бақыт Беделхан


– Сені ғашық дейді ғой?..
– Ол кім тағы?..
– Болды, болды, айта бер, тартынбағын...
– Бәлкім, сорым, білмеймін, бәлкім, бағым,
бар еді бір қарындас...
Ал, тыңдағын...
– Жан дейді ғой аздаған наласы бар?
– Наласызбен өзің-ақ жарасып ал.
– Қандай өзі?
– Сарғайған таңдай өзі.
Ал, мен күзгі ымырт ем, қара шұбар...
– Жүресіңдер дейді ғой хат алысып?
– Иә, солай болып тұр беталысым...
– Сонсоң?
– Сонсоң, семья құрамыз да.
Яғни, бәрі де – Отан үшін...
– Өзі жап-жас дейді ғой, нешедегі?...
– Үштен бірі боп қалар Шешедегі....
– Ел айтады... оларға мен айтамын...
– Жүруші ме еді сендейлер, бәсе, тегін...
– ... саған қиын дейді ғой жақындасу?
– Онда – сезім, ал, менде ақыл басым.
– Мұны қалай түсінсек болар екен?..
– Әй, шырағым, басымды қатырмашы...

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы


🎤 Жапырақ тектес пе едіңіз,
қайда кеттіңіз?


Өмірзая. Әділ Ботпанов.docx
178.6Кб
💌Еңлік гүлім,
Шығарып естен мәңгіге сол үміт түнін,
Маржаныңнан ең соңғы моншақ тіз де,
Мені ұмыт бүгін…

🤍Әділ Ботпанов


«Өз еліңді керемет болған емес,
Сүйесің өзіңдікі болғаны үшін...»


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
❄️Сүйкімді сәт




Бақытты болудың екі жолы бар: не жағдайды жақсартасың, не талабыңды төмендетесің

(с) Джоди Пиколт


Мен кім едім Тәңірім,
мен кім болдым Тәңірім,
саған бастар жол бұраң
сансырадым, арыдым.
Мен дегенім – Көрұғлы
көр түбінен оянған,
бүршіктерін жел ұрлап,
бұтақтарын жай алған.
Тарау-тарау тіршілік,
тұтам құйрық бұлғаңы
қамар екен қашанғы
кесір нәпсі зынданы?
Бордай тозып пәктігім
қыбырлайды иегім,
жәрдем етіп тастамас
төменге ешкім сүйегін.

Теңіз көрдім жағалы,
толқынынан жеңілген,
Айды көрдім бір түні
өзін-өзі кемірген.
Жаға көрдім жұпыны,
бақалшығы жоғалған.
Қайың көрдім қапалы,
қарауылдай қабарған.
Түнмен жүрдім тұмарлы,
түн «жөніңе қаш!» деді,
Таңмен жүрдім сапарға
таң «жүректі аш!» деді.
Доспен жүрдім жықпылда,
дос ерімді сұрады.
Жармен жүрдім жолсызда
жар кінәлап жылады.

Батырхан Сәрсенхан,
Көрұғлы поэмасынан үзінді


Жаңа өлең. Жаңа мұң. Жаңа шаттық.


Лалагүлдерін дұғама қостым,
Жанымды қайтар, Офелия!
Еркімді алма, Офелия!




Қуанып тұрмын. Сәл ғана мейірім төбеңді көкке жеткізеді екен ғой. Бағана сөмкемді таксиде ұмытып кетіппін. Әйтүп-бүйтіп таксистпен байланыстым, әкеліп берді. Енді ішін ашсам, 3-4 тәтті, сосын жыртылған парақ тұр. «Мұқият бол» деген жазуы бар. Қанша үлкен сыйлықтар алғанда, былай қуанбап едім, бүгін шын шаттандым. Өтірік кейіп танытпай, расымен қуанғаныма да мәз болып тұрмын.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ауылға келсем, Бәйтерек жүр. Осы әнді танытқан кезін жақсы көруші ем. Қазір ауысыпты. Сол сәттер көңілімнің жайма-шуақ шақтарына тап келеді. Қызықтым. Көңілге көктем орнатқым келді. Осыған ден қоймасам.

Мен жан-жүрегімді әнмен жұбаттым…


«Сүйем деп, жүрегімді көп қарайттым» дейді. Адамды сүйгеніміздей, Құдайды сүйсек, тым болмаса тырыссақ, мұң атаулыдан әлдеқайда ада болар ек қой деймін кейде.

Табамыз, жоғалтамыз. Алданамыз, алдаймыз. Қиянат көреміз, қия да басамыз. Ардан аттаймыз. Соңында өзімізді таппай қаламыз…

Кейде адамдарды соншалықты жек көремін. Соншалықты ақтап аламын. Тура осы сәтте Тәңірді аңсаймын. Бірақ тек қана аңсаймын…


Ауылдан ылғи қайтсам қалаға,
Аңғал қыз кеткен із көрем...


Бір мекен тауып,
көз түгіл көңіл жетпейтін,
Әйтеуір, кеткім келеді.

Показано 20 последних публикаций.