«ЕЛІМАЙ» ФК | FC «ELIMAI»


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы
——————————
Официальная страница футбольного клуба «Елімай»

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


«ЕЛІМАЙ» – «ҚАЙРАТ»

Семейде үлкен футбол кеші!

31 тамыз күні «Елімай» – «Қайрат» матчы қарсаңында жанкүйерлерді ерекше концерттік бағдарлама күтеді!

🕠 17:30 - Мирастың Жүгінісов пен Дана Кентайдың қатысуымен концерттік бағдарлама

⚽️ 19:00 - «Елімай» 🆚 «Қайрат» матчы

🎟️ Кіру билеті — 500 теңге!

Билеттер дәл қазір біздің ресми сайтта сатылымда.
Жақындарыңды ертіп, достарыңды жинап, футболдың нағыз мерекесін бірге жасайық!

Футбол мерекесінде жүздесейік!

https://tickets.fcelimai.kz/kz/purchase?eventId=%229%22&templateId=%2211%22


Ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық жауапкершілігін танытқан клуб өкілдері Құрылтай сайлауында дауыс берді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Азаматтық ұстаным - ортақ жауапкершілік

«Елімай» футбол клубының ойыншылары мен бапкерлік құрам қызметкерлері бүгін Семей қаласындағы «Абай Арена» спорт кешенінде орналасқан сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.

Ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық жауапкершілігін танытқан клуб өкілдері Құрылтай сайлауында дауыс берді.


«Елімай» – «Қайрат» матчына дайындық қызу жүріп жатыр!

31 тамыз күні «Елімай» – «Қайрат» арасындағы Қазақстан Премьер-лигасының 24-турының ойыны өтеді!

Қазір команда алдағы маңызды матчқа қызу дайындық жүргізуде. Жанкүйерлерімізді стадионда күтеміз!
Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда 30 тамызға жоспарланған кездесу қос тараптың келісімімен 31 тамызға ауыстырылды.

🎟️ Билеттердің сатылымы туралы ақпаратты қосымша хабарлаймыз.

@fc_elimai


Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы матчтарына шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне Елімай сапынан 4 футболшы енді

Арсен Әшірбек
Рамазан Оразов
Алмас Төлібай
Акмаль Бақтияров

@fc_elimai @kff_team


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇨🇳«ЕЛІМАЙ» ФК ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ШАНХАЙДА

«Елімай» футбол клубы үшін Шанхайдағы екі күн мазмұнды кездесулерге, тәжірибе алмасуға және жаңа мүмкіндіктерге толы болды.

Абай облысы футбол федерациясының президенті Асқар Ұранхаев бастаған «Елімай» ФК делегациясы Қытай футболының танымал клубтарының бірі - Shanghai Shenhua базасы мен мұражайын аралады.
Сапар барысында клубтың инфрақұрылымы, жаттығу процесінің ұйымдастырылуы, футбол тарихы мен дәстүрлерін сақтау жүйесімен жақын танысуға мүмкіндік болды.

Кешке делегация Shanghai Shenhua - Beijing Guoan арасындағы Шанхай дербиін тамашалады. Толы трибуналар, ерекше атмосфера және жанкүйерлердің футболға деген ықыласы Қытайдағы футбол мәдениетінің ауқымын айқын көрсетті.

Сапардың маңызды бөлігі - Shanghai Shenhua FC бас директоры Ван Шувэймен кездесу болды.
Кездесу барысында тараптар:
⚽️ балалар-жасөспірімдер футболын дамыту
🤝 екі клуб арасында жолдастық матч өткізу мүмкіндігі
🏋🏻‍♂️ оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру
🌏 тәжірибе алмасу және басқа да бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Ван Шувэйдің спорттық менеджмент саласындағы тәжірибесі де ерекше. Ол Shanghai Shenhua клубына дейін Shanghai Jiushi жүйесінде қызмет атқарып, Шанхайдағы ірі халықаралық спорттық жобаларға, соның ішінде Formula 1 жарысын ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан.
Сондықтан кездесу барысында футболмен қатар спорттық инфрақұрылымды дамыту, заманауи клубты басқару және халықаралық спорттық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі туралы да пікір алмастық.


Sofascore нұсқасы бойыншы «Каспий» - «Елімай» кездесуінің үздіктері


🃏 Роман Муртазаев Қазақстан Премьер лигасының үздік сұрмергені!

⚽️ 9 гол 1 нәтижелі пас

@fc_elimai


Сырт алаңда тең тарқастық

@fc_elimai


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
GOOOAAALL
Айбар Жақсылықов есепті қысқартты!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Алда әлі бір тайм бар!

Показано 11 последних публикаций.