Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇨🇳«ЕЛІМАЙ» ФК ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ШАНХАЙДА
«Елімай» футбол клубы үшін Шанхайдағы екі күн мазмұнды кездесулерге, тәжірибе алмасуға және жаңа мүмкіндіктерге толы болды.
Абай облысы футбол федерациясының президенті Асқар Ұранхаев бастаған «Елімай» ФК делегациясы Қытай футболының танымал клубтарының бірі - Shanghai Shenhua базасы мен мұражайын аралады.
Сапар барысында клубтың инфрақұрылымы, жаттығу процесінің ұйымдастырылуы, футбол тарихы мен дәстүрлерін сақтау жүйесімен жақын танысуға мүмкіндік болды.
Кешке делегация Shanghai Shenhua - Beijing Guoan арасындағы Шанхай дербиін тамашалады. Толы трибуналар, ерекше атмосфера және жанкүйерлердің футболға деген ықыласы Қытайдағы футбол мәдениетінің ауқымын айқын көрсетті.
Сапардың маңызды бөлігі - Shanghai Shenhua FC бас директоры Ван Шувэймен кездесу болды.
Кездесу барысында тараптар:
⚽️ балалар-жасөспірімдер футболын дамыту
🤝 екі клуб арасында жолдастық матч өткізу мүмкіндігі
🏋🏻♂️ оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру
🌏 тәжірибе алмасу және басқа да бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Ван Шувэйдің спорттық менеджмент саласындағы тәжірибесі де ерекше. Ол Shanghai Shenhua клубына дейін Shanghai Jiushi жүйесінде қызмет атқарып, Шанхайдағы ірі халықаралық спорттық жобаларға, соның ішінде Formula 1 жарысын ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан.
Сондықтан кездесу барысында футболмен қатар спорттық инфрақұрылымды дамыту, заманауи клубты басқару және халықаралық спорттық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі туралы да пікір алмастық.