FlyArystan Алматы халықаралық әуежайында iJan өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарының орналасуының өзгергенін хабарлайды
Әуекомпания өз жолаушыларына Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалындағы өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарының орналасуына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Бұл қадам жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және рейске тіркеу үдерісін ыңғайлы әрі жылдам етуге бағытталған.
2024 жылғы 15 қарашадан бастап терминалдар бұрынғы орнынан ішкі рейстерге арналған жаңа тіркеу залына ауыстырылды. Бұл өзгеріс жолаушылардың уақытын тиімді пайдаланып, кезектерді азайтып, әуежайдың жаңа инфрақұрылымының артықшылықтарын қолдануға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, iJan терминалдары арқылы жолаушылар:
- Рейске өздігінен тіркеуден өте алады.
- Отырғызу талондарын басып шығара алады.
- Қосымша қызметтерді сатып ала алады.
- Жолжүкті тіркей алады.