Құран оқудың сыртқы әдептері
⠀
3. Құранды дәретпен оқу
⠀
Құран оқуды қалаған адам алдымен жан дүниесін соған дайындап, сосын жақсылап дәрет алуы қажет. Өйткені ол ғибадат орындайын деп жатыр. Ал Құран оқудан асқан қасиетті әрі ұлы ғибадат жоқ. Алла елшісі дәретсіз Алланы зікір етуді ұнатпаған. Алайда пайғамбар кей жағдайларда Құранды дәретсіз оқығандықтан, оған рұқсат етіледі. Ал бойдәретсіз (жүніп), хайыз, нифас жағдайындағы кісілерге Құран оқуға тыйым салынған.
Құранды дәретсіз (мұсхапқа қол тигізбей, ұстамай) оқуға барлық ғұламалардың бірауызды келісімімен рұқсат етілген. Имам әл - Харамайн:
⠀
"Дәретсіз Құран оқыған адамға мәкруһ амал жасады делінбейді. Керісінше, абзал амалды тәрк етті деп айтылады" деген.
⠀
Егер су табылмаса, тәяммум алып Құран оқи береді.
(Құран тағылымы кітабынан)