Құран оқудың сыртқы әдептері
⠀
16. Құранды орналасу тәртібі бойынша оқу
⠀
Ғалымдар Құранды орналасу тәртібімен оқудың ең жақсы қырағат екендігін баса айтқан. Намазда немесе намаздан тыс болсын, алдымен "Фатиха" сүресі, кейін "Бақара" сүресі, кейін "Әли Имран" және басқа сүрелер Құрандағы тәртіп бойынша оқылады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, егер бірінші ракағатта "Нәс" сүресі оқылса, екінші ракағатта "Фатиха" мен "Бақара" сүресі оқылады.
⠀
Сүрелерді Құрандағы тәртібі бойынша оқу - мұстахаб. Бұған дәлел Құран сүрелерінің дәл осы тәртіппен орналасуы. Құран Кәрімді толығымен соңынан басына қарай терісінен оқуға үзілді - кесілді тыйым салынады. Бұл оның мұғжизалық дәрежесі мен сүре - аяттардағы даналыққа (хикметке) кереғар келеді. Әбу Дәуіт Ибраһим ән - Нағахи мен имам Мәликтің бұл істі ұнамсыз деп есептегенін, сондай - ақ имам Мәликтің олай жасауды айыптап, күнә деген сөздерін жеткізген.
⠀
Алайда Құранды енді жаттап жүрген кісіге Құранды соңынан қарай үйрету немесе жаттау жоғарыдағы аталған күнә қатарына жатпайды. Себебі, мұндай тәсіл білім талап етушіге Құран жаттау жолын жеңілдетеді.