Репост из: Соққы және гол!
Ербол Қайыров: бұл жай ғана сценарий болды
🇰🇿 Сайлау нәтижесі бойынша Марат Омаров ҚФФ президенті атанған еді.
«Бізде халық емес, сайлау алдында бағдарламаңды мақтап, бетіңе күліп қарайтын федерация мүшелері таңдайды. Бірақ 34 дауыстың бір адамға берілуі жағдайды айдан анық етті. Қандай да бір қысым болып, мәселе алдын ала шешіліп қойған секілді. Сонымен қатар сайлаудың нәтижесі бір телеграм-арнада ресми мәлімдемеден екі минут бұрын шығып қойды. Бұл барлығы баяғыда шешіліп қойғанын білдіреді. Менің ойымша, бұл жай ғана сценарий болды. Алайда адамдарды сендіре алмады, тіпті қатысып отырған аймақтық федерация өкілдері де 36 дауыстың 34-і бір адамға берілетініне сенбеді», – деді Қайыров.
🇰🇿 Сайлау нәтижесі бойынша Марат Омаров ҚФФ президенті атанған еді.