Қисса
Шейх әл-Андалуси деп аталып кеткен Бақи ибн Махлад атты ғалым болған. Бұл кісі өмірінің 34 жылын білім алу үшін сапарда өткізген. Әрі ешуақытта мініс көлігіне отырмай, жаяу жүрген. Ол имам Ахмадтан хадис үйрену үшін, Андалусиядан Бағдатқа сапар шегеді. Екі жердің арасы шамамен 6000 шақырым. Осынша ұзақ жол жүріп, Бағдатқа жеткенде, имам Ахмадқа Муғтазилалықтардың себебінен хадис риуаят ету тыйым салынып, үй қамақта отырғанын естиді. Үмітін үзбей, Имам Ахмадтың үйін сұрастырып, барып сәлем беріп, өзінің алыс елден келгенін айтады. Сонда Имам: «Сен Тарабулустан келген боларсың?» – деп сұрайды. Бақи: «Жоқ, одан да алыс жерден келдім», – дейді. Имам Ахмад оның білімге деген құштарлығына разы болып: «Мен саған қуана білім беретін едім, бірақ қазіргі жағдайымды көріп тұрсың, қажетіңді өте алмаймын», – дейді. Бақи Имам Ахмадқа мынандай ұсыныс жасайды: «Онда мен сіздің үйіңіздің алдына күнделікті қайыршы адамның кейпінде келіп, нан сұрайын. Сіз маған бір тілім нан беріп, екі хадис үйретіп жіберсеңіз болғаны, менің сапарым текке кетпейді», – дейді. Имам Ахмад оның бұл айтқанына келісіп, бірақ, білім беріліп жатқан жерлерге бармауын, әйтпесе одан сезіктенуі мүмкін екенін ескертеді. Осылайша екеуі келісімге келеді. Бақи мұқтаж адамның киімін киіп, күнде имам Ахмадтың есігінің алдына барып, бір тілім нан алып, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) екі хадисін жаттап жүреді. Имам Ахмад үй қамақтан босағанынша Бақи бірнеше жыл осылай білім алған екен. Кейін имам Ахмадқа дәріс беруге рұқсат етілген уақытта Бақи ибн Махладты әрдайым өзінің оң жағына отырғызып, шәкірттеріне: «Егер шынайы білім ізденуші болғыларың келсе, Бақи сияқты болыңдар», – деп оны үлгі етіп отырған.