🟢 Ақшаның атқару қызметтері
Экономистер ақшаның төрт функциясын атап көрсетеді:
1️⃣ Ақша – өлшем бірлігі немесе тауардың эталоны
Біз жоғарыда айтқанымыздай, айырбас жүйесінің бір кемшілігі тауарға стандарттың жоқтығы. Сондықтан бұл тапсырманы орындау үшін ақша келіп, айырбастағы тауарлар мен қызметтердің құнын өлшеуге арналған стандартты бірлікке айналды. Мысалы, иордандық динар - ұн мен күріш сияқты тауарлардың және автокөлік не үйді жалға алу және т.б. қызметтердің құнының жалпы өлшемі.
2️⃣ Ақша – айырбастау және көңіл қалауларын орындау құралы
Егер айырбас саудагерлердің қалауын қанағаттандыра алмаса, онда ақша олардың қалауын орындау үшін жұмыс істейді және адам өзінің бастапқы қажеттіліктерінен артық тауарлар мен қызметтерді сатып, құнын алады. Сол ақшамен ол өзіне қажетті қалаған тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Ақша осы қалауларды іске асыратын құралы, жаңа экономикалық жүйенің негізі және әрбір сауда мен кәсіпкерлік операциялардың екі баламының бірі болып табылады. Айта кету керек, ақшаны тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуде ортақ құрал деп есептеудің негізі - әдет ғұрып немесе адамдардың қабыл етуі.
3️⃣ Ақша – байлық қоймасы немесе құндылықтарды сақтау құралы
Айырбас жүйесінің кемшілігінің бірі тауарды сақтаудың қиындығы болса, ақша тауардың құны үшін оңай қорға айналды. Адам өзіне қажет тауарлардан артық тауарды сатып, олардың құнын ақша түрінде сақтайды. Оларды кейінгі кезеңдерде өзіне қажет тауарларды сатып алу үшін пайдаланады. Жеке адам ақшаны өз мүддесі үшін емес, оны кейінгі кезеңдерде жұмсау немесе төтенше қажеттіліктерді қанағаттандыру ниетімен ұстайтын болса, ақша бұл жағдайда құнды сақтау қызметін атқарады.
4️⃣ Ақша – болашақ төлемдер және қарыздар мен міндеттемелерді өтеу үшін негіз болып табылады
Ақша ағымдағы құнның және болашақ төлемдердің өлшемі болып табылады. Бірақ оның құнын болашақ төлемдердің құнын есептеуде өсуі не төмендеуі арқылы жарамсыз ететіндей қылып өзгертеді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ақша құнының төмендеуіне қарамастан, ағымдағы құндылықтардың өлшемі және айырбас құралы ретіндегі қызметін атқара берді. Бірақ көптеген елдер мен жеке тұлғалар оны болашақ төлемдерде стандарт ретінде қарастырудан бас тартып алтынды, күмісті не басқа да кез келген бірлікті тұрақты құн өлшемі ретінде пайдаланды.
#ақша #функция #стандарт
https://t.me/islamiceconomicskz