🟢 ИДЖАРА (жалға алу не беру)
🌐 Иджара - белгілі бір затты жалға алу/беруді білдіретін термин. Қолдану аясына қарай екіге бөлінеді:
1️⃣ Бір адамды қызмет көрсеткені үшін, еңбекақы төлеп жұмысқа алу. Бұл жерде жұмыс беруші - мустәджир, жұмысшы - әджир, ал төленетін ақы - уджрә деп аталады.
2️⃣ Бір затты белгілі бір мерзімге ақысын төлеп жалға алу. Бұл қоғамдағы қарапайым "лизинг"-ке ұқсас. Бұл жерде жалға беруші - муджир, жалға алушы - мустәджир, ал төленетін ақы - уджрә деп аталады.
🖥 Иджараның ережелері сауда ережелеріне ұқсас, тек ең басты айырмашылық - саудада заттың иелік құқығы толықтай клиентке өтсе, иджарада тек уақытша өтеді. Сондықтан иджараны қаржыландыру моделі ретінде қолдана алмаймыз. Алайда алдыңғы тарауда айтып өткеніміздей, Ислам банк жүйесі қайта жандану процесінде болғандықтан, бастапқы кезеңде иджараны клиенттердің қажеттілігін өтеуге қолдануға болады.
♦️ Мысалы: сатушы құрылғыны (оборудование) клиентке ай сайынғы төлем белгілеп жалға бере алады. Осыған қатысты ережелерді және сақталуы керек Шариғат шекаралар туралы алдағы дәрісте өтетін боламыз.
#иджара #жалғаалу
https://t.me/islamiceconomicskz