ИДЖАРА. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
(2/2 бөлім)
6️⃣ Бірнеше адамның иелігінде болған мүлікті жалға беруге болады. Одан түскен пайда иелерінің үлестеріне сай бөлінеді. Мысалы бір ғимаратты (зданиені) жалға беру.
7️⃣ Бірнеше ұқсас мүлікті жалға бергенде, келісімшартта нақты қай мүлік жалға берілетінін белгілеу керек. Мысалы бір адамның 2 дүкені бар, клиентке соның қайсысын жалға беретінін нақты келісуі керек.
8️⃣ Жалға алу ақысы келісім жасалатын кезде белгіленуі керек. Әр мерзімге әртүрлі ақы қоюға болады. Бірақ бұл бастапқы шартта көрсетіліп, келісім аяқталғанға дейін өзгере алмайды.
Мысал: Хамза Омарға 5 жылға үйді жалға береді. Екеуі ай сайынғы төлем 150.000 теңге деп және 1 жыл өткен сайын ақы 10%ға өседі деп келісті. Бұл келісім жарамды.
Мысал: егер жоғарыдағыдай келісім жасалса, және ақы тек 1ші жылға 150.000 теңге деп, алайда қалған 4 жылға әлі келісілмеген болса, бұл келісім жарамсыз.
9️⃣ Жалға беруші тарап төленетін ақыны біржақты көтеруіне болмайды.
🔟 Жалға берілетін мүлікке төлем жалға алушы қолданып бастағанға дейін алына алады, бірақ жалға беруші тарап бұл ақыны қолдануы тек келісілген мерзім өткен кезде қолдана алады.
Мысалы, Хамза Омарға қойма жалға береді. Омар қоймаға бармай тұрып 1 ай алдыға төлем жасай алады. Алайда Хамза бұл ақшаны 1 айдан кейін ғана өз қажетіне жұмсай алады, мерзім өткенге дейін бұл ақшаны жұмсауға болмайды.
1️⃣1️⃣ Жалға беру мерзімі мүлік жалға ашуға өткен кезден басталады, және жалға алушы оны қолданып бастаған немесе бастағаны маңызды емес.
1️⃣2️⃣ Егер жалға берілген мүлік толықтай істен шықса (бұзылса), онда иджара келісімі өз күшін жояды. Егер бұл ақау тікелей жалға алушының кесірінен болса, онда ол барлық шығынды көтереді, ал жалпы мүлікке қатысты толықтай жалға берушінің (яғни мүлік иесінің) мойнында.
#иджара #ережелер
https://t.me/islamiceconomicskz