ИДЖАРА. АРЕНДА ҚҰНЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ
🌐 Жалға беруші тарапқа ұзақ мерзімде жалға бергенде бекітілген құн қою тиімсіз. Сондықтан бұл сату емес, узуфрукт (қолдану құқығы) болғандықтан, мүлік иесіне әртүрлі мерзімге әртүрлі баға қоюына болады. Бұның 2 жолы бар:
1️⃣ Аренда құны белгілі пропорцияға сай өсуіне келісе алады. Мысалы, әр жыл сайын +10% деген сияқты.
2️⃣ Аренда мерзімін қысқа уақытқа жасап, мерзім біткен соң жаңа шарттармен қайта жаңарту. Бірақ екі тарап та өз еркімен создыруы керек және екеуінің де мерзім біткенде создырмауға құқығы болады.
⚡️ Екі нұсқа да Шариғат тұрғысынан құпталған. Алайда кейбір заманауи ғалымдар ұзақ мерзімді келісімде белгілі бір өлшем құралын пайдалануды ұсынған. Мысалы, "жалға беру құны өседі - егер мемлекет салық мөлшерін көтерсе" немесе "жалға беру құны жылдық орташа инфляция мөлшеріне сай өседі". Бұндай шарттар жарамды болып саналады.
🛍 Бірақ кейбір қаржылық институттар бұны теріс пиғылда пайдаланып, қарапайым банктегі пайыздық жүйеге ұқсатады. Алайда иджара келісімін бұндай үлкен күнәға ұқсатуға болмайды. Дегенмен бұл келісімді жарамыз етпейді. Бірақ мысалы жалға беруші шығынды жалға алушыға міндеттеп қоятын талап қойса, онда бұл кезде келісім жарамсыз болып саналады.
🛍 Сонымен қатар, кейбір ғалымдар түсініспеушілік (ғарар) туындамас үшін пайыздық мөлшерлеме емес, нақты бекітілген сумманы белгілеу керектігін ұсынады. Яғни "инфляция мөлшеріне сай" десе, инфляция келесі жылы қанша болатынын қазір ешкім айта алмайды. Сондықтан нақты белгілі, суммасы көрсетілген құн қою барлық тарапқа да түсінікті болады.
#иджара #құнөзгеру
https://t.me/islamiceconomicskz