ЖАЛҒА АЛЫНҒАН МҮЛІКТІ КЛИЕНТКЕ САТУ
🌐 Қазіргі заманғы экономикалық қарым-қатынаста жалға алынған мүлік мерзім соңында жалға алушының меншігіне (номиналды суммада немесе тегін) өтетіндігі туралы келісім бар. Бұл дінімізде тыйым салынған, себебі баршамыз білетіндей дініміздегі ең басты тыйымдардың бірі - шарт ішіне шарт қоюға болмайды. Ал бұл жерде «егер клиент төлемді уақытылы жасаса, мерзім соңында мүлік клиентке өтеді» деген шарт бар. Яғни бір шарт екінші шартқа байланып тұр. Бұның тыйым салынуындағы себебі - ешкім болашақта бірінші шарттың толық орындалатынын болжай алмайды, сондықтан адамдарға әділетсіз болмас үшін Жаратушымыз бұндай келісімге тыйым салған.
🔗 Алайда кейбір заманауи ғалымдарымыз бұған альтернативті шешім ұсынады. Мүлікті сатуды екіжақты міндетті пункт қылудың орнына, тараптардың бірі біржақты ауызша немесе жазбаша уәде береді алады. Мысалы жалға беруші мүліктің иесі болғандықтан, мерзім біткен кезде өз мүлкімен не жасайтындығын өзі біледі. Яғни ол оны сатады ма, аренданы создырады ма немесе мүлдем басқа адамға жалға береді ме, оны өзі шешеді. Сондықтан алғашқы аренда келісіміне қатысы жоқ, бөлек біржақты уәде бере алады.
📌 Қорыта айтқанда, келесі 2 талапты орындай отырып, бұндай келісім жасауға болады:
1️⃣ Бастапқы аренда келісіміне қатысты емес, бөлек келісім жасау.
2️⃣ Уәде біржақты (сатушы немесе клиент) тарапынан болуы.
#жалғаалу #мүліктісату
https://t.me/islamiceconomicskz