KAZSERVICE ОДАҒЫ МЕН NCOC КОМПАНИЯСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАРЫ
Астана, 2024 жылғы 20 қараша: Қазақстанның KazService мұнай сервистік компаниялар одағы мен Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы бірлесіп, «Тауарлардағы жергілікті қамту: ел мен саланың стратегиялық дамуы» тақырыбында семинар өткізді.
Астанада KazService одағы мен NCOC компаниясы қазақстандық компаниялардың өкілдері үшін бірлескен семинар өткізді, семинарға жетекші сарапшылар, мұнай-газ саласының, мемлекеттік органдардың және отандық өндірушілердің өкілдері қатысты.
Осы іс-шара отандық өндірушілердің ірі мұнай-газ жобаларына қатысуын кеңейту және отандық бизнестің Солтүстік Каспий жобасының операторымен байланысын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушыларды ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Eni компаниясының өкілі, “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі, KazService одағы, NCOC компаниясы мен Мұнай-газ машина жасау саласын дамыту жөніндегі халықаралық орталығы (IMBC) басшылықтары өкілдері және Солтүстік Каспий жобасының акционер компанияларының өкілдері қошемет сөздерін айтып, қарсы алды. Спикерлер мұнай-газ саласындағы жергіліктендіру мәселесінің Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығын және отандық бизнеске консорциуммен жұмыста қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.
Баяндама жасаған NCOC өкілдері семинарға қатысушыларға компанияның жергілікті қамтуды дамытуы және жергілікті өндірушілерге қолдау көрсету және оларды ілгерілету жөніндегі бастамалары туралы айтып берді. NCOC басқарушы директорының орынбасары Ерлан Мұқайдың айтуынша, «Компания қолданып отырған механизмдер Солтүстік Каспий жобасы Операторының жергілікті өндірушіні қолдауға және Қазақстан экономикасын тұрақты дамытуға ұмтылуға бейілді екенін айғақтап отыр. Тек бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, бүгінгі сын-тегеуріндерді тиімді еңсере алатын, анағұрлым күшті және тәуелсіз экономика құра аламыз».
Семинар аясында NCOC компаниясы мен отандық кәсіпорындар арасында кезекті коммерциялық келісімдерге қол қою рәсімі өтті, осы келісімдер шеңберінде Солтүстік Каспий жобасының Операторы Қашаған кен орнындағы операциялық қызметін жүргізу үшін жергілікті өндірушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алуды жоспарлап отыр.
Семинардың негізгі бөлімдерінің бірі B2B кездесулер болды, осы басқосулар барысында жергілікті компаниялар NCOC салалық бөлімшелерінің өкілдерімен тікелей сұхбаттасуға мүмкіндік алып, ынтымақтасу жолдарын талқылай алды.
Семинарға қатысушылар KazService семинарларын өткізу маңызды ақпараттық-диалог алаңы екенін, оны жергілікті қамту саласындағы түрлі мүдделі тараптар арасында әріптестік қатынастарды жақсарту үшін тұрақты түрде қолдау керектігін атап өтті.
Семинарға еліміздің 11 өңірінен 100 қазақстандық компания өкілдері қатысты.
Семинар жұмысын қорытқан KazService Президиумының төрағасы Рашид Жақсылықов: «Солтүстік Каспий жобасының Операторымен ынтымақтасу бізге сапалы нарық құру үшін Қазақстанның отандық бизнес әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді», - деп атап өтті.
KazService