"Рассказ служанки" / "The Handmaid's Tale"
Бұл сериал менің назарыма өткен аптаның басында ілікті. Сериал екі номинация бойынша "Алтын глобус" алды - Үздік актриса (драма): Элизабет Мосс және Үздік драма сериалы. Ал аптаның соңында АҚШ киносыншыларының үш номинациясында үздік атанды. Неғылған сериал екен дейіп осы демалысымды соған арнадым.
Негізі бұл жоба туралы Киностанға жазған https://kinostan.kz/article/view?id=146 айтып өтіппін. Бірақ көруді жоспарламаппын.
"Малай әйелдің әңгімесі" экология, белсіздік, діни диктатура секілді проблемалар қозғалған антиутопия. Сюжеті болашақта өрбиді. Жердің экологиясы күрт нашарлап, адамдар туу қабілетінен айырылады. Статистика бойынша 100 әйелдің біреуі ғана бала көтере алады. Әлдебір радикал топ елді дүрліктіріп, бақылаудың әлсірегенін пайдаланып АҚШ билігін тартып алады. Тартып алады да өз тәртібін орнатады: әйелдерде еш құқық жоқ, жалпы басқа да көп шектеулер қояды. Гейлер мен лесбилер заңсыз деп танылады, оларды жазалайды.
Бала көтере алатын әйелдер билік өкілдерінің үйіне беріледі, ол сол үйге бала туып беруі керек (сәлем, тоқалдар). Команданттық уақыт орнайды. Диктатура белгілерін айшықтайтын басқа да нышандар бар.
Маған діни диктатураны көрсетуі ұнады. Қоғам мүлдем жабылып, адамдар қорқынышта өмір сүреді. Салафтар, не басқа да діни топтарға билік берсе шамамен сондай болатын шығар деген ойға жетелейді.
Әбден көрілімді туынды деп есептеймін.
7/10