🌷 Құрметті оқырман!
Сізді Қазақша Уикипедиядағы әйелдер туралы, соның ішінде Қазақстан мен Орталық Азия әйелдері туралы мақалалар жазуға арналған уики-марафонға қатысуға шақырамыз!
✅ Марафонның мақсаты – әйелдердің, соның ішінде Қазақстан мен Орталық Азия әйелдерінің тарихи, мәдени, ғылыми, басқа да үлесін айқындап көрсету, ерлер мен әйелдер туралы мақалалар саны айырмашылығын (Gender gap) азайту, сондай-ақ әйелдер арасындағы уикипедияшылардың санын көбейту.
✍️ Басты шарттары:
* Мақалалар 🗓 10 наурыз бен 30 сәуір аралығында жазылуы керек
* Авторы өзіңіз болу қажет
* Мақала маңызды болуы керек және сенімді дереккөздермен расталуы керек
* Ең кемі 2500 байттан және 200 сөзден тұруы керек
* 🤖 Машиналық аударма болмауы керек
Жеңімпаздарға сертификат 🎁 түрінде сыйлықтар беріледі
Толығырақ ақпарат төмендегі сілтемеде! 🌷
https://kk.wikipedia.org/wiki/Уикипедия:Қазақстан_мен_Орталық_Азия_әйелдері/2026