Құрметті Астана қаласының уикипедияшылары!
Өздеріңіз білетіндей, биыл 15 қаңтарда ғаламтордағы басты ашық энциклопедиямыз — Уикипедия 25 жасқа толды. Ал 3 маусым күні Уикипедияның қазақ тіліндегі бөлімінің іске қосылғанына 24 жыл толады.
Осы атаулы мерекелерге орай, әлем бойынша жүздеген мың біз бен сіз сияқты редакторлардың басын қосқан сүйікті жобамыздың туған күнін елордалық қауымдастықпен бірге атап өтуге шақырамыз. Бұл басқосу — тек мерекені тойлау ғана емес, пікір алмасып, ортақ ісімізді талқылап, пікірлестермен жылы жүздесетін тамаша мүмкіндік.
Баршаңызды 31 мамыр күні кешкі сағат 18:00-де «Navat» шайханасында күтеміз.
📍 Мекенжайымыз: Сарайшық көшесі, 34Б.
Бізден — мерекелік торт, сіздерден — көтеріңкі көңіл-күй! Келіңіздер, Уикипедияның мерейтойын бірге тойлайық! 🎂