Репост из: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
◾️ 2023 жылдың көктемінде Жамбыл ауданы, Аса ауылында қатты жел "Қазпошта" АҚ филиалы ғимаратының шатырын ұшырып кетіп, ол әйелдің үстіне құлаған.
◾️ Әйел шұғыл түрде реанимацияға жеткізілген.
◾️ Жәбірленушіге жабық бас миының жарақаты, кеуде қуысының және жұлынның зақымдануы, бет пен білектің кең скальпирленген жарасы, 3-4 омыртқаның қысылып сынуы сиақты ауыр дене жарақаттары келтірілген.
◾️ Әйелге 1 топтағы мүгедектігі санаты белгіленген.
◾️ АҚ Жамбыл филиалы зардап шеккеннің қызының өтінішіне жауап бере отырып, оған 7 млн теңге көмек көрсеткенмен, ол қаражат шетелде емделуге және оңалтуға жұмсалған барлық шығындарды өтеуге жетпеген.
◾️ Сондықтан жәбірленуші денсаулыққа келтірілген зиян мен моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
◾️ Сотта АҚ өкілі талап қоюды мойындамады, 2021-2022 жылдары АҚ-мен шатырға жөндеу жүргізілгенін, бірақ архивтен жөндеу жұмыстарына қатысты құжаттар табылмағанын, сәйкесінше шатырды ауыстырған мердігерді анықтау мүмкін болмағанын айтып түсіндірген.
◾️ Сотта шатырдың құлауы мердігер сапасыз орындаған жөндеу жұмыстарының салдарынан оның жеткіліксіз нығайтылмағанына байланысты болғандығы анықталды.
◾️ Сот АҚ объектінің қауіпсіздігі мен пайдалануының тиісті деңгейін қамтамасыз етпеді деген қорытындыға келді, себебі АҚ ғимаратты күтіп ұстауға және шатырдың күрделі жөндеу жұмыстарын бақылауға жауапты болып табылады.
◾️ Осыны ескере отырып, талап қою ішінара қанағаттандырылды: АҚ – дан 8,5 млн теңге материалдық залалдың өтемақысы және 10 млн теңге моральдық зиян өндірілді.
◾️ Шешім заңды күшіне енген жоқ.
https://t.me/jambyl_sottary