Madeniet_aqparat_ministrligi


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Новости и СМИ


🇰🇿 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
🇰🇿 Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Aqorda 🇰🇿
⚡️Касым-Жомарт Токаев:

«В этом году мы отмечаем 180-летие великого Абая. Пять лет назад, в год 175-летнего юбилея великого мыслителя, на встрече с абаеведами в Семее я предложил создать Институт Абая. На сегодня данная инициатива реализуется в формате цифровой платформы для помощи нашим диаспорам и иностранцам в изучении казахского языка. Важно трансформировать этот проект в сеть полноценных культурно-просветительских учреждений, действующих по образцу институтов Конфуция, Гете, Сервантеса.

Институт Абая призван стать проводником нашей культуры во всех ключевых странах-партнерах. В частности, такие центры могут быть открыты в Китае, Турции, Монголии и ряде других государств. Поручаю Министерству иностранных дел, фонду «Отандастар» совместно с Министерством культуры и информации продолжить работу по открытию таких центров за рубежом.

Активно работает Международное общество «Қазақ тілі», деятельность которого мы должны все вместе и дальше поддерживать.

Культура – это не просто здания и учреждения, а твердая основа укрепления нашего национального самосознания в глобальном мире»

t.me/aqorda_resmi


Репост из: Aqorda 🇰🇿
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Мен осыдан бес жыл бұрын ұлы ойшылдың туғанына 175 жыл толуына орай Семейде абайтанушы ғалымдармен кездестім, сол кезде Абай институтын құру туралы ұсыныс айттым. Бүгінде бұл бастама цифрлық платформа форматында іске асырылды, яғни біздің диаспоралар мен басқа да шетелдіктерге қазақ тілін үйрету құралы ретінде жұмыс істеп тұр. Енді осы жобаны толыққанды мәдени-ағарту мекемелеріне айналдыру қажет. Бұл құрылым Конфуций, Гете, Сервантес институттары сияқты жұмыс істеуі керек.

Абай институты негізгі серіктес елдердің бәрінде төл мәдениетімізді насихаттайтын орталық болуға тиіс. Бірқатар елде, мысалы, Қытай, Түркия, Моңғолия және басқа да мемлекеттерде осындай орталықтар ашылатын болды. Сыртқы істер министрлігі мен «Отандастар» қорына Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, шетелде осындай орталықтар ашу мәселесі бойынша тиісті жұмысты жалғастыруды тапсырамын.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы белсене айналысуда. Бұл ұйымның бастамаларын біз тұтас қоғам болып әрі қарай қолдауымыз керек.

Мәдениет дегеніміз – жай ғана ғимараттар мен мекемелер емес. Бұл – ұлттық сана-сезімді жаһандық ауқымда нығайта түсетін мықты тұғыр»

t.me/aqorda_resmi


Репост из: Aqorda 🇰🇿
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚡️Президенттің қатысуымен сәлден соң Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталады

t.me/aqorda_resmi


📣18-19 апреля Государственная академическая концертная организация «Қазақконцерт» имени Розы Баглановой впервые проведет І Республиканский конкурс национального искусства «Серпер».

Целью и задачами проекта являются возрождение и развитие лучших традиций и достижений национальной культуры и искусства;пропаганда богатого культурного музыкального наследия казахского народа; повышение профессионального мастерства участников;патриотическое воспитание молодежи, приобщение к ценностям национальной и мировой культуры.
 
Конкурсе пройдет по 6 номинациям:
«Домбыра»; «Қобыз»; «Прима қобыз»; «Шертер»; «Жетіген»; «Сыбызғы».

Конкурс состоит из 2-х туров: I тур (отборочный) – с 26 по 28 марта 2025 года в онлайн формате; ІІ тур по номинациям «Домбыра», «Қобыз», «Сыбызғы» –  18 апреля 2025 года в офлайн формате; ІІ тур по номинациям «Прима қобыз», «Шертер», «Жетіген» – 19 апреля 2025 года в офлайн формате.

В конкурсе принимают участие исполнители в возрасте от 18 до 35 лет, участники республиканских и международных конкурсов, телевизионных конкурсов, студенты учебных заведений в сфере культуры и искусства Республики Казахстан. На ІІ тур Конкурса проходят не более 10 участников по каждой номинации.
 
В состав жюри входят артисты Қазақконцерта, деятели культуры и искусства Казахстана. Участники оцениваются по таким критериям, как исполнительское мастерство, сценический образ и артистизм.

Стоит отметить, что прием заявок на участие в конкурсе проводится с 10 февраля по 25 марта.
Церемония награждения лауреатов Конкурса состоится 20 апреля 2025 года.
 
Заявки направляются на электронную почту:
- По номинации «Домбыра» – dombyra@qazaqconcert.kz,  + 7 747 555 4475
 
- По номинации «Қобыз» – qobyz@qazaqconcert.kz, +7 747 787 1386
 
- По номинации «Прима қобыз» – prima_qobyz@qazaqconcert.kz,  +7 775 826 7520
 
- По номинации «Шертер» – sherter@qazaqconcert.kz,   +7 701 798 5090
 
- По номинации «Жетіген» – zhetigen@qazaqconcert.kz,  +7 707 811 0630
 
- По номинации «Сыбызғы» – sybyzgy@qazaqconcert.kz,  +7 705 421 9297
 
Телефоны для справок: +7 701 913 31 60,  + 7 747 787 13 86.

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК


📣18-19 сәуір күндері Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы алғаш рет І Республикалық «Серпер» ұлттық өнер байқауын өткізеді.

Іс-шараны өткізудің мақсаты - ұлттық мәдениет пен өнердің үздік дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту және дамыту, қазақ халқының бай мәдени музыкалық мұрасын насихаттау, қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жастарды патриоттық тәрбиелеу, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу.

Аталмыш байқау 6 номинация бойынша жүргізіледі: «Домбыра», «Қобыз», «Прима қобыз», «Шертер», «Жетіген», «Сыбызғы».

Байқау 2 кезеңнен тұрады: I кезең (іріктеу) – 2025 жылғы 26-28 наурыз аралығында онлайн форматта; ІІ кезең «Домбыра», «Қобыз», «Сыбызғы» номинациялары бойынша – 2025 жылғы 18 сәуір күні офлайн форматта; ІІ кезең«Прима қобыз», «Шертер», «Жетіген» номинациялары бойынша – 2025 жылғы 19 сәуір күні офлайн форматта өтеді.

Байқауға 18 жастан 35 жасқа дейінгі республикалық және халықаралық байқаулардың, телевизиялық конкурстардың жеңімпаздары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер саласындағы оқу орындарының студенттеріне қатысуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, байқаудың ІІ кезеңіне әр номинация бойынша 10-нан аспайтын өнерпаз өтеді.

Қазылар алқасының құрамына Қазақконцерттіңәртістері және Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері кіреді. Олар қатысушыларды орындаушылық шеберлігі, сахналық бейнесі және әртістік шеберлігі критерийлері бойынша анықтайды.

Айта кетейік, байқауға өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 10 ақпаннан  25 наурызға дейін жалғасады.
Жеңімпаздарды марапаттау 2025 жылдың 20сәуір күні өтеді.

Өтінімдер электрондық поштаға жіберіледі:
- «Домбыра» номинациясы бойынша – dombyra@qazaqconcert.kz,   + 7 747 555 4475
- «Қобыз» номинациясы бойыншаqobyz@qazaqconcert.kz,
+7 747 787 1386
- «Прима қобыз» номинациясы бойынша –prima_qobyz@qazaqconcert.kz, +7 775 826 7520
- «Шертер» номинациясы бойыншаsherter@qazaqconcert.kz,
+7 701 798 5090
- «Жетіген» номинациясы бойыншаzhetigen@qazaqconcert.kz,
+7 707 811 0630
- «Сыбызғы» номинациясы бойынша – sybyzgy@qazaqconcert.kz,
+7 705 421 9297

Анықтама телефондары: +7 701 913 31 60, + 7 747 787 13 86.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі


Репост из: Aqorda 🇰🇿
⚜️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Амал күні

Уважаемые соотечественники!


Сердечно поздравляю вас с Амал күні – предвестником праздника Наурыз!

Справляться о благополучии друг друга после долгой зимы – наша особая традиция, идущая из глубины веков. В этот день люди встречаются с родными и близкими, молодежь получает благословение у старших. Через подобные обычаи наш народ издревле прививал подрастающему поколению такие качества, как дружелюбие и отзывчивость, милосердие и сострадание. В современном Казахстане все это в полной мере находит свое отражение в концепции Адал азамат.

Сегодня уникальная традиция көрісу, предшествующая празднику Наурыз, вновь возрождается, приобретая общенациональный характер. Уверен, что она будет способствовать укреплению единства и солидарности нашего народа.

Пусть в каждом доме будет счастье и радость!
Желаю всем крепкого здоровья и благополучия!

t.me/aqorda_resmi


Репост из: Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Амал күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!


Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз.

Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі.

Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін.

Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Айдан аман, жылдан есен болайық!

t.me/aqorda_resmi


⚜️14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі

Қазақстандықтарды Көрісу күні – Амал мерекесімен құттықтаймыз! Бүгін елімізде Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі бастау алды.

🌷«Амал мерекесі» қауышу күні ғана емес, бұл ең алдымен – өмірді жаңа парақтан бастауға, өткенге разы болып, болашақты сеніммен қарсы алуға үндейтін мереке.

🗣14 наурызда қонаққа бару, үлкендерге құрмет көрсету және бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтау дәстүрге айналған. Көрісу күні – Наурыздың алғашқы хабаршысы және бізге дәстүріміз бен ортақ құндылықтарымыз біріктіретін бір отбасы екенімізді еске салады.

Бұл күнде баршаңызды сағынышпен көрісіп, мейірімдеріңізбен бөлісуге шақырамыз!


🖋️Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті

✔️Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, І дәрежелі «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты – ақынның шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасына құрмет көрсету және оның өлеңдеріне деген жастардың сүйіспеншілігін арттыру.
Кеш барысында ғалымдар, әдебиеттанушылар, жазушылар мен ақындар Тұманбай Молдағалиевтің қазақ поэзиясына қосқан үлесі жайында ой бөлісіп, арнау өлеңдерін оқыды.

Жиын аясында кітапхана қорынан «Тұманбай жыры – өшпес мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның шығармалары, естеліктері, әндер жинағы мен фотосуреттері қойылды. Сондай-ақ қазақ эстрадасының танымал өнерпаздары ақын сөзіне жазылған әндерді орындады.
 
ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

🖋️Литературно-музыкальный вечер, посвященный 90-летию Туманбая Молдагалиева состоялся в Национальной библиотеке РК

✔️В Национальной библиотеке Республики Казахстан состоялся литературно-музыкальный вечер «Сердце, рожденное из поэзии», посвященный 90-летию Народного писателя Казахстана, лауреата Государственной премии, кавалера орденов «Достық» I степени и «Парасат» Туманбая Молдагалиева.

Мероприятие было направлено на популяризацию творчества поэта, выражение признательности за его вклад в отечественную литературу и воспитание у молодежи любви к его произведениям.

В ходе вечера ученые, литературоведы, писатели и поэты поделились своими мыслями о вкладе Туманбая Молдагалиева в казахскую поэзию и прочли посвященные ему стихи.

В рамках мероприятия была организована книжная выставка «Поэзия Туманбая – вечное наследие», на которой были представлены произведения поэта, воспоминания, сборники песен и редкие фотографии. Кроме того, известные исполнители казахстанской эстрады исполнили песни на стихи поэта.
 
ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК


👥 «Мәдениет. Өнер. Руханият» секциясы аяқталды.

Бұл талқылау алаңында құрылтай мүшелері идеология ісіне қатысты пікірлерін ортаға салды.

Атап айтсақ, отбасы құндылықтарын нығайту, қазақша контентті дамытып, тіліміздің қолдану аясын кеңейту, елдегі тарихи-мәдени нысандарды қорғау, өңірлердегі қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау және баспа ісін жүйелеу туралы келелі ұсыныстар айтылды.
——

👥Завершилось заседание рабочей секции «Культура.Искусство.
Духовность»


На дискуссионной площадке члены курултая обсудили ключевые вопросы идеологии.

В частности, были подняты темы укрепления семейных
ценностей, развития контента на казахском языке, расширения сферы его применения, защиты историко-культурных объектов, продвижения творчества региональных писателей и систематизации издательского дела.

#ұлттыққұрылтай #ulttyqquryltai


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
👥 Екінші секцияның тақырыбы — «Мәдениет. Өнер. Руханият»

Модератор — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
___
👥Тема второй дискуссионной площадки – «Культура. Искусство. Духовность».

Модератор секции – министр культуры и информации РК Аида Балаева.

#ұлттыққұрылтай #ulttyqquryltai


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿Бурабайда IV Ұлттық құрылтай басталды

Екі күнге жалғасатын жиында құрылтай мүшелері ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелерді талқыға салады.

Іс-шараның бірінші күнінде өтетін секциялардың тақырыптары:

- Азаматтық қоғам;
- Мәдениет. Өнер. Руханият;
- Білім және ғылым;
- Әлеуметтік-экономикалық даму.
____

🇰🇿В Бурабае стартовало IV заседание Национального курултая

На двухдневной встрече члены курултая обсудят актуальные вопросы, определяющие направление развития страны.

Тематические секции первого дня заседания:

- Гражданское общество;
- Культура. Искусство. Духовность;
- Образование и наука;
- Социально-экономическое развитие.

#ұлттыққұрылтай #ulttyqquryltai


🌷Наурыз достық пен ынтымақтың, ырыс-берекенің, жаңарудың мейрамы, халықтар бірлігі мен татулығының бастауы


🤝Қазақстан мен Қытай мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуда

🗣11 наурызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚХР Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетіне қарасты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 16-отырысы өтті.

Іс-шара онлайн форматта өтті, оған ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов пен ҚХР Мәдениет және туризм вице-министрі Гао Чжэн қатысты.

👉👉👉👉 https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/955889?lang=kk

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

🤝Казахстан и Китай укрепляют культурно-гуманитарное сотрудничество

🗣11 марта состоялось 16-е заседание Подкомитета по культурно-гуманитарному сотрудничеству Казахстанско-китайского комитета по сотрудничеству между Министерством культуры и информации РК и Министерством культуры и туризма КНР.

В мероприятии, которое прошло в онлайн-формате приняли участие вице-министр культуры и информации РК Айбек Сыдыков и заместитель Министра культуры и туризма КНР Гао Чжэн.

👉👉👉👉 https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/955889?lang=ru

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК


🎬Бірінші кезең аяқталды: Кино орталығына 444 өтінім келіп түсті

🗣Мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеудің бірінші кезеңі аяқталды.
Электронды түрде 444 сценарий мен сценарий жоспары тіркелді.

Анимация саласы бойынша 42 өтінім берілген. Деректі-хроникалы фильмдер санаты бойынша 103, ал ойын фильмдеріне 299 өтінім келіп түсті.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, Ұлттық киноны қолдау орталығы өтініш берушілер ұсынған құжаттарды Сараптама кеңесінің қарауына тапсырады. Сценарийлерді немесе сценарий жоспарларын Сараптама кеңесінің мүшелері фильм түрлері бойынша секцияларда қарастырады.

Кеңес құрамы 20 жұмыс күні ішінде басым тақырыптарға, сюжеттің құрылымы мен драматургия принциптері секілді басты талаптарға назар аударып, өтінімдерді қарап шығады. Екінші кезеңде Сараптама кеңесі ұсынған жобалардың құжаттар пакеті жинақталады. Бұл ретте қате кетсе, оны түзеуге 3 күн уақыт беріледі.

Айта кетейік, конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін 5-13 наурыз (12 наурыз сағат 23:59) аралығында өтінім қабылданды. Қаңтар айында кино түсіруге арналған басым тақырыптар жарияланды.
 
ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

🎬Первый этап завершён: В Центр кино поступило 444 заявок


🗣Прием заявок на первый этап конкурсного отбора кинопроектов, претендующих на государственную поддержку завершен.

Общее количество зарегистрированных электронных сценариев и сценарных планов составило – 444.

В области анимации подано 42 заявок. В категории документальных фильмов подано 103 заявок. Что касается игровых фильмов, поступило 299 заявок.

По окончанию приема документов Центр поддержки Национального кино вносит представленные заявителями документы на рассмотрение Экспертного совета. Сценарии или сценарные планы рассматриваются членами Экспертного совета в секциях по видам фильмов.

Состав Совета в течение 20 рабочих дней рассматривает заявки с акцентом на приоритетные темы, а также на такие критерии, как структура сюжета и принципы драматургии. На втором этапе комплектуется пакет документов по проектам, представленным Экспертным советом. При этом при наличии ошибки заявителям отводится 3 дня на исправление ошибок.

Стоит отметить, приём заявок для участия в конкурсе проводился с 5 по 13 марта (до 23:59 часов 12 марта). В начале января были объявлены приоритетные темы для съёмок фильмов в этом году.

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
«Кіндігімнің жас қаны
Тамған жерім ауылым.
Шабытымның асқары,
Самғаушы еді ауылым...»


⚜️Әр қазақтың жүрегінен орын алған дәл осы әннің авторы Теміржан Базарбаевтың туғанына — 90 жыл

🗣Композитор 1935 жылы бүгінгі Жетісу облысы Алакөл ауданында дүниеге келген. Әке-шешесінен ерте жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген. Кейін ел ішінен таланттарды іздеп жүрген Нұрғиса Тілендиев бастаған топ балалар үйіне барып, өнерлерін тамашалайды. Ішінен Теміржан Базарбаевқа көзі түсіп, «Алматыға барамыз, арнайы музыка мектебінде оқисың» деп алып кеткен екен.

Дарынды композитор симфониялық оркестрге арнап «Тор жорға», «Ботагөз», «Жетісу» симфониялық поэмалары, труба мен оркестрге арнап «Отан», «Қалың елім қазағым» әндерін жазған.

🎶Камералық-аспаптық, эстрадалық «Мерекелік увертюрасы», «Жыл мезгілі» атты тақырыпта жазылған циклы, «Ботагөз» атты симфониясы да дарын иесінің қаламынан туған сәтті туындылар. Солардың ішінде «Ауылым», «Тамаша», «Қаздар қайтқанда», «Студенттік кештер», «Атың кім қалқа» әндері бар қазаққа танымал.

Теміржан Базарбаев ғұмырында 200-ге жуық ән, симфония мен хорлар жазып, өз қолтаңбасын қалыптастырып кетті.


🎨TikTok продолжает совершенствовать механизмы защиты подростков и обеспечения родительского контроля.

Платформа объявила о запуске нового функционала, направленного на создание безопасной цифровой среды для молодежи и помощь родителям в управлении активностью их детей в приложении. В частности, TikTok запускает функцию в "Семейных настройках", которая позволяет родителям ограничивать доступ подростков к TikTok в заданные периоды времени.

Также платформа запускает новую функцию, которая призвана помочь подросткам отвлечься и отдохнуть, если они используют TikTok после 22 часов.

Расширенные функции «Семейных настроек»
С момента запуска инструмента «Семейные настройки», являющегося частью системы родительского контроля TikTok, прошло уже пять лет. За это время платформа неоднократно добавляла новые функции, ориентируясь на рекомендации экспертов и обратную связь от родителей. В этот раз разработчики TikTok создали новую настройку "Неактивное время", при помощи которой можно ограничивать доступ подростков к приложению в определенные периоды времени.

Теперь родители могут:
🔹Устанавливать для своих детей периоды ограничения доступа к TikTok, например, во время учебы или в ночное время.
🔹Создавать повторяющееся расписание для удобной настройки цифрового детокса.
🔹Одобрять запросы подростка на использование приложения в период ранее наложенного ограничения доступ.
🔹Кроме того, новый функционал «Семейных настроек» предоставляет родителям расширенный доступ к информации об аккаунтах их детей. Теперь они смогут видеть:
🔹Кого их ребенок отслеживает в TikTok и кто подписан на его аккаунт.
🔹Какие пользователи были заблокированы подростком.

🔹В ближайшие месяцы TikTok также добавит функцию, позволяющую подросткам сообщать родителям о контенте, который потенциально может нарушать правила сообщества платформы, даже если родительский контроль не был активирован.

Министр культуры и информации РК Аида Балаева


🎨TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жаңа функцияларды іске қосады.

TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен ата-аналардың бақылау жүйесін одан әрі жақсартуда. Платформа жасөспірімдер үшін қауіпсіз онлайн кеңістік құруға және ата-аналарға балаларының TikTok-тағы белсенділігін басқаруға көмектесетін жаңа мүмкіндіктерді іске қосқанын хабарлайды.

Атап айтқанда, TikTok «Отбасылық баптаулар» бөлімінде ата-аналарға жасөспірімдердің қосымшаға қолжетімділігін белгілі бір уақыт аралығында шектеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, платформа сағат 22.00-ден кейін TikTok-ты пайдаланатын жасөспірімдердің назарын аударып, тынығуына көмектесетін жаңа мүмкіндікті іске қоспақ.

«Отбасылық баптаулардың» қосымша функциялары

TikTok-тағы ата-аналардың бақылау жүйесінің бір бөлігі болып табылатын «Отбасылық баптаулардың» іске қосылғанына бес жыл болды. Осы жылдар ішінде ата-аналардың кері байланысы мен сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, TikTok жаңа функцияларды бірнеше рет еңгізіп отырды.

Бұл жолы TikTok қолданбасының әзірлеушілері «Демалыс» деген жаңа функцияны қосты. Ол қосымшаны белгілі бір уақытқа бұғаттауға мүмкіндік береді.

Енді ата-аналар:
🔹Балаларына TikTok-қа қол жеткізуді шектеу уақытын белгілей алады, мысалы, оқу уақытында немесе түнгі уақытта.
🔹Цифрлы детокстқа қол жеткізу үшін қайталанатын кестені орната алады.
Шектеу қойылған уақыт аралығында жасөспірімнің TikTok-ты қолдану сұранысын қабылдай алады.
🔹Оған қоса «Отбасылық баптаулардың» жаңа функциясы ата-аналарға балаларының аккаунттары туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

🔹Балаларының TikTok-та кімдерді бақылап отыратынын және олардың аккаунтына кімдер жазылғанын көре алады.
Қандай қолданушылардың аккаунттарын бұғаттағанын біле алады.
Тіпті ата-аналардың бақылауы қосылмаған кезде де, алдағы айларда TikTok жасөспірімдерге қауымдастық ережелеріне сәйкес келмейтін контент туралы ата-аналарына хабарлау мүмкіндігін қосуды жоспарлап отыр.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева


🖋️Отандық жас қаламгерлерге арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау 15 наурызда басталады

Биыл жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында үшінші рет Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалады. Әдеби сыйлыққа 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларын ұсына алады.

✔️Өтінім «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша қабылданады. Автор тек бір номинацияға ғана қатыса алады.

Өтінімді 2025 жылғы 15 наурыз бен 15 маусым аралығында қағаз және электронды түрде мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 14 кіреберіс, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет.

Барлық сұрақты +7 707 541 8006, 8 (7172) 74-04-07; 74-03-84; 74-04-08 нөмірлері бойынша анықтауға болады.
 
ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

🖋️Прием заявок на специальную Президентскую литературную премию для молодых казахстанских писателей и поэтов стартует 15 марта

В 2025 году в третий раз учреждается специальная Президентская литературная премия, направленная на государственную поддержку молодых литераторов и развитие нового поколения талантливых писателей и поэтов.

К участию допускаются авторы в возрасте от 18 до 35 лет, ранее не представлявшие свои произведения на национальных и международных конкурсах.

✔️Заявки принимаются в следующих номинациях: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» и «Детская литература». Один автор может подать заявку только в одной номинации.

Заявки принимаются в бумажном и электронном формате с 15 марта по 15 июня 2025 года по адресу: г. Астана, проспект Мангилик Ел, 8, 14 подъезд, Комитет архивов, документации и книжного дела МКИ РК, 273 кабинет.

По вопросам можно обращаться по телефонам: +7 707 541 8006, 8 (7172) 74-04-07, 74-03-84, 74-04-08.
 
ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК


🌷Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі 14-23 наурыз аралығында өтеді

🗣Онкүндіктің әр күні еліміздің мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылықтарға арналады.

«Наурызнама» халықтың тұрмыс-тіршілігі көрінетін барлық салалны қамтиды. Мәселен, қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін ұйымдастырылмақ.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

🌷В стране декада празднования Наурыз мейрамы продлится с 14 по 23 марта

🗣Каждый из десяти дней будет посвящен определенной теме и ценностям, отражающим богатство и многообразие казахстанской культуры и общества.

«Наурызнама» призвана охватить все сферы жизни общества – от благотворительности и культурных мероприятий до национальных традиций и экологических акций.

ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК

Показано 20 последних публикаций.