Мұнайлыда мектеп оқушыларының улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Аталған жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдерімен бірлескен арнайы штаб құрылды. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Есбергенова ауруханаға барып, оқушылардың жағдайымен танысты. Балалардың денсаулығы жақсаруына барлық қажетті жағдай жасалып жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ата-аналарға психологиялық көмек көрсетілуде. Ал балалардың жағдайы бірқалыпты.
Жағдайдың неден басталғанын анықтау мақсатында Маңғыстау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлама беріліп, тексеріс жұмыстары жүріп жатыр.
Оқиға бойынша аудандық ПБ-нің СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 304-бабы 1-бөлігімен №244750031000356 қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
https://otpannews.kz/kz/news/745