Кешегі ойды жалғастырайық.
Технологиялық жағынан қандай керемет құрал жасап шығарсақ та, халық оған дайын болмайынша одан пайда жоқ. 2ГИС-тегі пікір қалдыру мүмкіндігінен бөлек пікір жазу мәдениеті мен "менің пікірім маңызды" деген түсінік болуы керек.
"Мен пікір білдіргенім үшін жазаланбаймын" деген сенім керек (кем дегенде заң тұрғысынан)
"Менің пікірім біреуге тікелей әсер етуі мүмкін, өз жазғаным үшін жауапкершілік аламын" деген білім керек (кем дегенде мораль тұрғысынан)
Сол түсінік жазуыңа мәдениет береді. Заң бар екенін, біреуге әсерің бар екенін түсінген адам ғана ойланып, сараптап жазады.
Сондай мәдениет бар екенін түсінген бизнес сонымен жұмыс істей бастайды. Жақсы пікір жазуға көмектеседі, жаман пікірмен санасады дегендей.
Бір жақ ойына келгенін жаза берсе, екінші жақ игнор жасап әлде қырылып кете берсе, 2ГИС қандай керемет функция жасаса да одан ешкімге пайда жоқ.