Тәуекел. Оған бару қорқынышты. Себебі, тәуекел — түсініксіз жол. Қап-қараңғы. Бірақ, қараңғыда мүмкіндік жасырылған болуы мүмкін. Сол себепті өмірдің түсініксіз сюрприздерінен қорықпа. Қорыққаннан нақты жолды ғана таңдайсың. Ал бұл мақсатыңа түк қатысы жоқ таңдау. Және үлкен қателік. Кейде арманың үшін міндетті түрде тәуекелге бару керек. Қорқынышты бағытта қозғалу керек. Осы себепті жетістіктің нақты қадамдарын ешкімнен таппайсың. Барлық ережені жатқа білетін адам емес, керек жолды таңдаған адам жеңіске жетеді. Ал керек жолдың рецебі жоқ.