Фильтр публикаций


Адамдар біреулердің жолымен және кішкентайынан миына сіңіп қалған басқа адамдардың ақылдары арқылы өмір сүрулерін доғарады деп ойлаймын.

(с) Алан Китли




会うは別れの始め (au wa wakare no hajime) - “кездесу - қоштасудың басы”. бұл дүниеде әр нәрсенің шегі бар. сіз сүйіктіңізді кездестірген сәттен бастап кері санақ жүреді. яғни, уақыт өткен сайын сүйіктіңізбен болатын сәттер тек азая бермек.
егер, сіз өмірлік серігіңізді әлі кездестірмесеңіз қуаныңыз. сіздің кері санақ әлі басталмады. ал кездестіріп қойсаңыз онымен өткен әр мезетті бағалаңыз.


мына жаққа біраз ақпаратты өңдеп салуға ерінетін ленивая жопа ол мен.

бар түрімен жаза салу конфликт тудырады. оны түсіндіріп отыру керек сосын. оның маған керегі де жоқ.

бір жағы өз ойыңмен бөлісу қажет.
бір жағы көпшілік адамдардың назарын ұстап тұру сондай қиын.

себебі, көпшіліктің миы түрлі сенімдерге, қағидаларға алдын-ала бөлінген. не үшін? кімге пайдалы? түсініксіз.


— Иногда я подслушиваю разговоры… И знаете что?
— Что?
— Люди ни о чем не говорят.

(с) Брэдбери




Нөл адам. Бір ғана фокус. Тыныштық. #fucksociety


⚖️


Егер ақылды болғың келсе сұрақты ойланып қой, маңызды нәрсені зейін қойып тыңда, қойылған сұраққа асықпай, жайбарақат жауап бер және бос сөйлеме.

(с) Лев Толстой


1. Өткендегі кедей өміріңе оралғың келсе, ертең ерте тұрмай-ақ қой 😉

2. Ешкім саған ақша табуға шек қоймайды. Қанша қаласаң, сонша тап.

3. Ақталу — әріптестің сен туралы ойын өзгерткенін қалау.
Түсіндіру — факт немесе не сезіп тұрғаныңды айту.

3. Травмасыз адамдар жоқ
Травма рухани өсуге арналған. Өмір сынақтарының бөлшегі ғана.
Дайын нәрсеге отыра қалмай, ештеңеге қарамастан алдыға жүргізу.

Тіпті инвалидтер үшін паралимпиада (paralympic) бар)

5. Тәкаппарлық — өз-өзіңе көңіл толмау, өзіңді елемеу сезімдерінен болады.


Күндер шынымен ұзақ, егер оны әлеуметтік желіде өткізбесең.


Тәуекел. Оған бару қорқынышты. Себебі, тәуекел — түсініксіз жол. Қап-қараңғы. Бірақ, қараңғыда мүмкіндік жасырылған болуы мүмкін. Сол себепті өмірдің түсініксіз сюрприздерінен қорықпа. Қорыққаннан нақты жолды ғана таңдайсың. Ал бұл мақсатыңа түк қатысы жоқ таңдау. Және үлкен қателік. Кейде арманың үшін міндетті түрде тәуекелге бару керек. Қорқынышты бағытта қозғалу керек. Осы себепті жетістіктің нақты қадамдарын ешкімнен таппайсың. Барлық ережені жатқа білетін адам емес, керек жолды таңдаған адам жеңіске жетеді. Ал керек жолдың рецебі жоқ.


1. Қорқыныш қозғалыс кезінде жоғалады.

2. Өткен шақтағы әрекеттеріңнен бірнәрсе (жетістік, сыйлық, жақсылық) күту кінәлі сезімге әкеледі.

3. Мықтылық — қандай деңгейде болмасаң да, әлемнен ешнәрсе күтпей мейірімділігің мен қарапайымдылығыңды жоғалтпау.

4. Кейде қанша жерден адамдарды: ақылды, еңбекқор, ересек, инфантил, мейірімсіз, т.б. деп бөлсең де, түбінде бәрі “пенде” екенін түсіну керек. Бұл сылтау емес. Адамдардың табиғаты осы. Бұл — қабылдау.

5. Күмән адамды қартайтады. Асықтырмайды. Құл етеді (әлсіз етеді).

6. Әлсіздердің арасында жүру — құлдық. Олар әрдайым өздерінің құлдық шеңберіне тартады.

7. Ең үлкен тәуекел — әрдайым нақты жолды іздеу арқылы тәуекелге бармау.


Киген киім, асқа ырза күндегі ішкен,
Жалықтым-ау осы бір күн көрістен.
Үмітім де үзіліп бара жатыр,
Мына құрғыр мандымай жүрген істен.

Не боп барам осы мен күннен-күнге?!
Тіршіліктің мәнісі күн көру ме?!
Ұйықтап кетсем маужырап, қайтер едім,
Мандыта алмай ештеңе жүргенімде?!

Өмір өтіп барады ертеңменен,
Қайтем оны
Жанбаған, өртенбеген.
Өзімнен өзім бүгін жеркенемін,
Өмірде еш нәрседен жеркенбеп ем.

Қараймын жеткеніме, өткеніме,
Өмірім осылайша кеткені ме?!
Алдыма ақ қағазды жайып қойып,
Пышырап құры отырмын текке, міне.

Жырым да, сырым менің кімге керек?
Болмады күткенімнен бір де дерек.
Жан таппай жарық іздеп түнге қарай,
Мен дағы отқа түскен бір көбелек...

(с) Мұқағали Мақатаев - Түйсік


1. Сенде жаңа білім жоқ, өйткені сенде жаңа әрекет жоқ.

2. Іссіздік — адамның айналасына деген бұрыс ойы мен өзіне қатысты көңіл толмаушылықтан пайда болады.

3. Ешкім бізден ақылды емес, олар бізден ертерек бастаған.

4. Ұнамай ма? Өзгерт! Өзгермейсің бе?! Жылама.

5. Таңертең оянғанда, өзіңізге күш беретін сұрақ қойыңыз, алатын емес..

872 0 10 3 34

4. Кейде адамның ең мықты жері: оны әлсіз ететін ЭГОсына айналған болуы мүмкін. Сол себепті шынайы мықты адамдар аз.

5. Мотивация іздеу қиын.
Таңдау жасай салу оңайырақ.

Таңдау жасау арқылы саналы боласың: іздейсің, жасайсың.
Әрдайым мотивация іздесең, көңіл-күйге тәуелді боласың.

6. Егер, қателік байқасаң, бірден ескертудің қажеті жоқ.
Қате ма? Ұнамай ма?
Бірінші шешім қабылдап көр:
- Бұл қате, мен істемеймін, сау болыңыз. Немесе:
- бұл қате, бірақ, ок: мен әрі қарай жалғастырамын..

Сен тек қателікті айтып отырған кезде, түк істемей шағымданатын бала боп көрінесің.

Осы екі нақты жауап болмаған кезде, сен үшін басқалар шешім қабылдайды. Өйткені, шындық, сын ешкімге ұнамайды.

Тіпті, сенің айтқаныңды шындық емес, шағымданғыш біреу деп қабылдайды. Сондықтан, әр ойда іс-әрекет пен шешім бар болсын. Құр ой тек құрдымға кетіреді.


1. Адам тек өзімен айналысып, өзінің ішкі күйін қадағалағанда, сөзі мен ісіне сақ болғанда ғана өзгеге қауіпсіз болады.
Бұл деңгейге: адам білім алып, көзі ашылғанда ғана жетеді. Оған дейін ол әлі кішкентай бала.

2. Ешкім ешкімді аямайды. Әркім өзімен-өзі жүр. Ешкім сен үшін әрекет жасамайды, тек ақыл айта алады. Ал сен ақыл тыңдап қана өміріңнен өзгеріс күтсең, қатты қателесесің.

3. Сөздер іс-әрекетке бағытталмаса, оның арзан күлкі сыйлайтынын түсіну керек. Ал сенің уақытың эмоцияларға бағытталсын ба? Жасайтын әрекеттерге кетсін бе? Таңдау жаса.

#инсайт


Мұндай реакция күтпедім. Рақмет 🫂🫰🏻


Қайта тіріліп жатырмын


S a’ l e m )

Показано 20 последних публикаций.