Сауапқа тоймаудың мысалы
Имам Мухаммад Салих Усәймин өмірінің соңында қатты ауырып, Меккеден Джидда қаласына жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Бұл рамазан айының соңы, әрі келесі күн айт намазы болуы мүмкін болғандықтан шейх: «мені қайта Меккеге жеткізіңдер» — деп айтты. Қасындағы балалары мен дәрігерлер уақыт созып жүргенін білгенде: «апармасаңдар, такси шақырып, өзім кете беремін» — деді шейх.
Шейхтің екіленбей тұрғанын көрген балалары мен дәрігерлер оны жедел жәрдем көлігіне жатқызып, Меккеге аттанды.
Бұл күн рамазанның соңғы күні болмай қалыпты. Сондықтан шейх оттегі аппаратына қосылып, арбаның үстінде Харам мешітіне кіріп, мағриб, ища және тарауих намаздарын оқыды. Содан кейін шейх сол қалыпта өміріндегі соңғы дәрістерін берді де: «Джидда емханасында қалғанда, бұндай ұлы сауаптардан айырылып қалар едік» — деді.
📝 Шейхтің Ибраһим есімді баласының естеліктерінен
Дайындаған: Алтай Беріш
@muslimsnotes