🕯️Шетелдіктерге ЖСН беру – ІІМ мәлімдемесі
Әлеуметтік желілерде Қазақстаннан тыс жерде шетелдіктерге ЖСН ресімдеу қызметтерін ұсынатын хабарландырулар пайда болғаны туралы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті хабарлады.
"Ақ жол" партиясының депутаттық сауалына жауап берген Комитет төрағасы Аслан Аталықовтың мәліметінше, 2024 жылы шетелдіктерге 435 408 ЖСН берілген, оның ішінде: Ресей – 233 013, Өзбекстан – 121 719, ҚХР – 25 654, Тәжікстан – 13 846, Қырғызстан – 9 308.
Оның айтуынша, ІІМ әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Ресей азаматтарына бағытталған ЖСН ресімдеуге қатысты хабарландырулар мен қызметтерді де анықтаған.
"Бұл фактілер бойынша жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамаға сәйкес тексеру іс-шаралары жүргізілуде", – деп түйіндеді Көші-қон қызметі комитетінің басшысы.