Ауыр шындық 😢😢😢
Бір адам есігінің алдына есегін байлап қою үшін көршісінен арқан сұрайды. Көршісі арқан жоқ екенін айтып, оған бір кеңес береді:
— Есегіңнің мойнына арқан байлағандай қимыл жасап, оны байлағандай етіп көрсетсең болды, ол орнынан қозғалмайды.
Адам көршісінің айтқанын жасап, ертесі күні есегінің әлі сол орнында тұрғанын көреді. Бір күні ол есегін егістікке алып барғысы келеді, бірақ есек орнынан қозғалмай қояды. Адам бар күшін салып жылжытуға тырысса да, еш нәтиже шықпайды. Ақыры ол көршісіне қайта барып кеңес сұрайды.
Көршісі одан:
— Арқанын шешкендей қимыл жасадың ба? — деп сұрайды.
— Қандай арқан? Ондай ештеңе жоқ қой! — деп таң қалады ол.
— Бұл сен үшін арқан жоқ шығар, бірақ есек үшін ол бар, — деп жауап береді көршісі.
Адам қайта барып, арқанды шешіп жатқандай қимыл жасайды, содан кейін есек еш қарсылықсыз қозғалады.
Бұл оқиғада есекті мазақ етпеңіз, өйткені кей адамдар да қиялдан туған әдеттер мен жалған сенімдердің құлы болуы мүмкін. Олар алға жылжуға кедергі келтіретін ойдан шыққан “арқанды” байқай алмайды.
Қаншама қабілетті адам өзін дәрменсіз санайды,
Қаншама ақылды адам өзін ақылсыз деп ойлайды,
Қаншама күшті адам өзін әлсіз деп есептейді.
Егер бір ұлт ұрпақтан-ұрпаққа әлсіздік, артта қалушылық және қорқыныш туралы әңгімелерді мұра етіп қалдыра берсе, ол ұлт арқанын шешпейінше, ешқашан дамымайды.
©️Шейх Юсуф Хаттар
(Хафизаһулла)