Qazaqstan Olympic team


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Спорт


Канал Национального Олимпийского комитета Казахстана

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Ниш қаласында (Сербия) бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. 11 наурызда Қазақстан құрамасының алты спортшысы шаршы алаңға шығады.

50 келіге дейін: Алуа Балқыбекова – Ясмин Мутаки (Марокко)

54 келіге дейін: Жайна Шекербекова – Жанет Алонсо (Мексика)

60 келіге дейін: Виктория Графеева – София Легаки (Греция)

63 келіге дейін: Аида Әбікеева – Чжао Шоюй (Қытай)

66 келіге дейін: Жасмин Кизатова – Ивануса Гомес (Кабо-Верде)

81 келіге дейін: Гүлсая Ержан – Вансяо Мэн (Қытай)

Жекпе-жектер Астана уақытымен 18:00-де басталады.



В Нише (Сербия) продолжается чемпионат мира по боксу среди женщин. Сегодня, 11 марта, на ринг выйдут шесть представительниц команды Казахстана.


До 50 кг. Алуа Балкибекова - Ясмин Мутаки (Марокко)

До 54 кг. Жайна Шекербекова- Жанет Алонсо (Мексика)

До 60 кг. Виктория Графеева - София Легаки (Греция)

До 63 кг. Аида Абикеева - Чжао Шоюй (Китай)

До 66 кг. Жасмин Кизатова - Ивануса Гомес (Кабо-Верде)

До 81 кг. Гульсая Ержан - Вансяо Мэн (Китай)

Начало в 18.00 по времени Астаны.


Черногорияның Будва қаласында бокстан кіші Әлем кубогы аталып кеткен "Адрия інжуі" халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан жастар құрамасы 27 медальға қол жеткізді.

Былғары қолғап шеберлері аталмыш жарыста 4 алтын, 11 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды.

🥇Алтыннан алқа таққан боксшылар: Нығман Нығмет (57 келі), Жасұлан Бердалы (75 келі). Әйелдер арасында: Регина Тибянова (57 келі), Ақбота Есімбекова (66 келі).

🥈Күміс жүлдеге ие болғандар: Алдияр Баһадүр (54 келі), Игорь Соловьев (75 келі), Санжар Сейітхамит (92 келі), Бексұлтан Қайратұлы (92 келіден жоғары). Әйелдер арасында: Рахмина Абдумажитова (52 келі), Ақнұр Тұрсынғали (57 келі), Алина Құдайгенова (63 келі), Айсұлу Мұхит (66 келі), Мария Сидоренко (70 келі), Зарина Толыбай (75 келі), Сабина Жақсылық (81 келіден жоғары).

🥉Қола жүлдеге қол жеткізген спортшылар: Нұрхан Құмарбеков (48 келі), Бексұлтан Қожамжар (48 келі), Айдос Үсенов (51 келі), Әли Мұрат (54 келі), Бауыржан Мұратов (57 келі), Ердәулет Саит (60 келі), Әлихан Әскер (63,5 келі), Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 келі), Сұлтан Тұрдалы (67 келі), Бекарыс Нұрмұхан (71 келі), Бейбарыс Әшірбай (71 келі). Әйелдер арасында: Толғанай Қасымхан (60 келі).



В Будве (Черногория) завершился молодежный Кубок мира по боксу. Сборная Казахстана завоевала на нем 27 медалей.


🥇Первыми на турнире стали Ныгман Ныгмет (57 кг), Жасулан Бердалы (75 кг), Регина Тибенева (57 кг) и Акбота Есимбекова (66 кг).

🥈Второе место заняли Алдияр Бахадур (54 кг), Игорь Соловьев (75 кг), Санжар Сейткамит (92 кг), Бексултан Кайратулы (92+ кг), Рахмина Абдумежитова (52 кг), Акнур Турсынгали (57 кг), Алина Кудайгенова (63 кг), Айсулу Мухит (66 кг), Мария Сидоренко (70 кг), Зарина Толыбай (75 кг), Сабина Жаксылык (81+ кг).

🥉С "бронзой" завершили турнир Нурхан Кумарбеков (48 кг), Бексултан Хужамжар (48 кг), Айдос Усенов (51 кг), Али Мурат (54 кг), Бауыржан Муратов (57 кг), Ердаулет Саит (60 кг), Алихан Аскер (63,5 кг), Мухит Нуркабылулы (63,5 кг), Султан Турдалы (67 кг), Бекарыс Нурмухан (71 кг), Бейбарыс Аширбай (71 кг), Толганай Касымхан (60 кг).


🥉Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды.

Ол ат снарядындағы жаттығулар финалында сәтті өнер көрсетіп, төрешілердің шешімі бойынша 14,400 ұпай жинады.

Жеңісті америкалық Брэндон Дэнг (14,633) иеленді. Екінші орынды Патрик Хупс (АҚШ) – 14,533 ұпаймен алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде қазір үш медаль бар. Бұған дейін Милад Карими (еркін жаттығу) мен Дмитрий Патанин (қоссырықтағы жаттығу) күміс жүлдеге қол жеткізген еді.



🥉Казахстанский гимнаст Зейнолла Идрисов стал бронзовым призером этапа Кубка мира в Баку (Азербайджан).

Он успешно выступил в финале упражнений на коне. Идрисов получил от судей 14,400 балла.
Победу одержал американец Брэндон Дэнг (14,633). Второе место осталось за Патриком Хупсом (США) - 14,533.

Отметим, что теперь в активе команды Казахстана три медали. Днем ранее вторыми стали Милад Карими (вольные упражнения) и Дмитрий Патанин (упражнения на брусьях). 


🥈Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Дмитрий Патанин Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.

Гимнаст қоссырықтағы жарыста сәтті өнер көрсетті.
Патанин төрешілердің шешімі бойынша 13,400 ұпай жинады. Бірінші орынды жапондық Казуки Мацуми (14,200 ұпай) жеңіп алды.

Үздік үштікті хорватиялық Петар Вефич (13,033 ұпай) қорытындылады.



🥈Дмитрий Патанин, представляющий команду Казахстана по спортивной гимнастике, отметился серебряной медалью на этапе Кубка мира в Баку (Азербайджан).

Гимнаст успешно выступил в соревнованиях на брусьях.
Патанин получил от судей 13,400 балла. Первым стал японец Казуки Мацуми - 14,200 балла.

Замкнул тройку лучших Петар Вефич (Сербия) - 13,033.


🥈 Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды.

Карими еркін жаттығуларда екінші нәтиже көрсетті.
Финалда ол 14,300 ұпай жинап, күміс медальға ие болды.

Жарыста беларусьтік Егор Шарамков (14,600) жеңіске жетті, ал үздік үштікті украиналық Назар Чепурный (13,633) түйіндеді.

Айта кетейік, Милад кермедегі жаттығудың финалына да қатысады.



🥈Представитель команды Казахстана по спортивной гимнастике Милад Карими стал обладателем серебряной медали этапа Кубка мира в Баку (Азербайджан).


Казахстанский спортсмен показал второй результат в вольных упражнениях. 
В финале Карими набрал 14,300 балла. Этот результат принес ему "серебро".

Победу одержал Егор Шарамков (Беларусь) - 14,600. Замкнул тройку лучших украинец Назар Чепурный - 13, 633.

Добавим, что Милад также выступит в финале упражнений на перекладине. 


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Әбиба Әбужақынова дзюдодан Гран-приде алтын медаль жеңіп алды

Линцте (Австрия) өтіп жатқан Гран-при турнирінің финалында 48 келі салмақтағы қазақстандық дзюдошы 19 жастағы жапондық Сачиё Ёшинодан басым түсті.

📹: @qazsporttv



Абиба Абужакынова завоевала «золото» Гран-при по дзюдо

В финале Гран-при в Линце (Австрия) в весе 48 кг казахстанская дзюдоистка победила 19-летнюю японку Йошино Сачийо (Япония).

📹: @qazsporttv


Лидер женской команды Казахстана по дзюдо Абиба Абужакынова выиграла полуфинальную схватку в рамках Гран-при в Линце (Австрия).

В 1/2 финала Абужакынова одержала победу над Эмбер Герсджес (Нидерланды).

Таким образом, казахстанка пробилась в финал Гран-при.
В решающем раунде ей будет противостоять Сачиё Ёшино (Япония). 


Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, Әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында хабарлады.
"Әр басталған нәрсенің өз соңы бар.

Мен өз спорт түріме әуеде қалықтаудың ләззатын сыйлағаны үшін шексіз ризамын.

Бұл сезімді қатты сағынатын боламын!

Маған әлемді көру мүмкіндігін бергенің үшін рахмет. Рухы мықты, ерекше жандармен таныстырғаның үшін алғыс айтамын.

Командама барлық еңбегі мен қолдауы үшін, сондай-ақ менің спорттық жолымда бірге жүрген барша жанға үлкен рахмет!

Өз мансабымда әр деңгейдегі 125 жарысқа қатыстым: Үш қысқы Олимпиада ойындарына; Сегіз әлем чемпионатына; 54 Әлем кубогының кезеңіне; төрт жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына.

Жалпы, 14 рет жеңімпаз атанып, 33 рет жеңіс тұғырына көтерілдім.

Өкінішке қарай, Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алу бұйырмады. Демек, Қазақстанда бұл тарихи жетістікке жететін спортшы мен емес болғаным ғой.

Дегенмен, еліміздің фристайл-акробатикасына үлкен үлес қосқанымды және осы спорт түрінде әзірге ешкім жетпеген нәтижеге қол жеткізгенімді мақтанышпен айта аламын (мақтанғаным емес, бұл шындық).

Мен Қазақстанда Олимпиада чемпионы шығатынына сенемін және соған үлкен үміт артамын.

Ал мансабымды аяқтауымның басты себебі – өткен маусымның желтоқсанында алған жарақатым (жамбасымның шығуы). Денсаулық мен үшін қазір бәрінен маңызды", – деп жазды Алдабергенова.


Один из лидеров команды Казахстана по фристайл-акробатике, призер этапов Кубка мира Жанбота Алдабергенова приняла решение завершить карьеру.


Об этом спортсменка сообщила на своей странице в Instagram.
"Всегда, где есть начало, там есть и конец.

Я очень благодарна моему виду спорту за то, что мог доставить удовольствие летать.

Я буду очень сильно скучать по этим ощущениям!

Спасибо за то, что я увидела мир.
За то, что я познакомилась с уникальными людьми с сильным духом.

Спасибо большое моей команде за весь труд и поддержу, и тем, кто проходил со мной вместе мой спортивный путь.

За свою карьеру я выступала на 125 соревнованиях разного уровня:
- На трех зимних Олимпийских играх;
- На восьми чемпионатах мира;
- На 54 этапах Кубка мира;
- На четырех юниорских чемпионатах мира.

И всего я была победителем 14 раз. Также была 33 раза на пьедестале.

К сожалению, у меня не получилось завоевать медаль на Олимпийских играх. Видимо не суждено (значит не мне быть этим историческим спортсменом в Казахстане).

Очень рада, что внесла большой вклад, и на данный момент показала никем недостигнутый в нашем виде спорта результат для Казахстана (не хвастаюсь, но факт).

Я верю и очень надеюсь, что будет у нас олимпийский чемпион.

А завершаю я в связи с травмой, которую получила в декабре прошлого сезона (вывих бедра). Здоровье мне важнее",- написала Алдабергенова.


Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Петр Гамидов Бейжіңде (Қытай) өтетін алдағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімін атады.

Маманның айтуынша, құрамға он спортшы енген. Жүлде үшін Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко, Яна Хан, Зейнеп Құмарқан, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Алина Әжғалиева бақ сынайды.

Қазіргі уақытта ұлттық құрама Астанада әлем чемпионатына соңғы дайындықтарын жүргізіп жатыр. Команда 8 наурызда Бейжіңге аттанады.

Әлем чемпионаты 14-16 наурыз аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, өткен жылы әлем чемпионатында Денис Никиша 500 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алған болатын. Ол ересектер арасындағы әлем біріншілігінде шорт-тректен жүлде алған алғашқы қазақстандық атанған еді.



Главный тренер команды Казахстана по шорт-треку Пётр Гамидов назвал имена спортсменов, которые представят страну на предстоящем чемпионате мира в Пекине (Китай).


По словам специалиста, в состав вошли десять человек. За медали поборются Абзал Ажгалиев, Денис Никиша, Адиль Галиахметов, Мерсаид Жаксыбаев, Глеб Ивченко, Яна Хан, Зейнеп Кумаркан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Алина Ажгалиева.

В данный момент сборная находится в Астане, где завершает подготовку к ЧМ. Команда отправится в Пекин 8 марта.

Мировое первенство пройдет с 14 по 16 марта.

Напомним, в прошлом году на чемпионате мира Денис Никиша завоевал серебряную медаль на дистанции 500 метров. Он стал первым казахстанцем, кому удалось взять медаль на взрослом ЧМ в шорт-треке.


Бокстан кіші әлем чемпионаты аталып кеткен «Странджа» кубогы аяқталды. Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов жарысты қорытындылап, алдағы дайындықтары туралы айтып берді.

Толығырақ
Olympic.kz материалында.



В Софии (Болгария) не так давно завершился международный турнир по боксу Кубок Странджа. Главный тренер мужской команды Казахстана Кайрат Сатжанов подвел итоги соревнований и рассказал о предстоящей подготовке.

Также
в интервью Olympic.kz рассказал подробности травм наших боксеров.


Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында өнер көрсетеді.

Әлем біріншілігі 25-30 наурыз аралығында АҚШ-тың Бостон қаласында өтеді.

ISU мәліметіне сәйкес, бұл беделді додада еліміздің намысын екі спортшы қорғайды. Жекелей сырғанауда Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина жүлдеге таласады.

Шайдоров Бостонда 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері және төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы мәртебесінде өнер көрсетеді.



Михаил Шайдоров и Софья Самоделкина выступят на чемпионате мира.


В этом году ЧМ состоится в Бостоне (США). Он пройдет с 25 по 30 марта.

Согласно информации от ISU, нашу страну на крупном старте представят два спортсмена. За медали в одиночном катании поборются Михаил Шайдоров и Софья Самоделкина.

Шайдоров в Бостоне будет выступать в статусе бронзового призера Азиатских игр-2025 и победителя чемпионата четырех континентов. 


9-16 наурыз аралығында Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Аталмыш жарысқа Қазақстаннан 12 боксшы қатысады.

Бас бапкер Елдос Сайдалиннің жетекшілігімен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың есімі төменде көрсетілген:

48 келі: Назым Қызайбай
50 келі: Алуа Балқыбекова
52 келі: Анита Адишева
54 келі: Жайна Шекербекова
57 келі: Карина Ибрагимова
60 келі: Виктория Графеева
63 келі: Аида Әбікеева
66 келі: Жасмин Кизатова
70 келі: Наталья Богданова
75 келі: Надежда Рябец
81 келі: Гүлсая Ержан
81 келіден жоғары: Елдана Тәліпова



Тренерский штаб женской команды Казахстана по боксу обнародовал состав на участие в чемпионате в Нише (Сербия).


Мировое первенство пройдет с 9 по 16 марта. Нашу страну представят следующие спортсменки:

До 48 кг: Назым Кызайбай
До 50 кг: Алуа Балкибекова
До 52 кг: Анита Адишева
До 54 кг: Жайна Шекербекова
До 57 кг: Карина Ибрагимова
До 60 кг: Виктория Графеева
До 63 кг: Аида Абикеева
До 66 кг: Жасмин Кизатова
До 70 кг: Наталья Богданова
До 75 кг: Надежда Рябец
До 81 кг: Гульсая Ержан
Свыше 81 кг: Елдана Талипова


Национальный Олимпийский Комитет Казахстана объявляет о старте Kazakhstan Olympic Community – уникальной программы для любителей спорта, фанатов и амбассадоров олимпийского движения страны. 

Проект дает возможность познакомиться со звездами олимпийской сборной Казахстана, примерить на себе роль атлетов и потренироваться, участвовать в эксклюзивных спортивных мероприятиях, проводить тренировочные занятия с именитыми спортсменами и посещать чемпионаты. 

Подробнее


Қытайдың Чжаоцин қаласында су добынан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста екі жүлде жеңіп алды.

Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары құрлықтық біріншілікте үшінші орынға ие болды.

Ерлер құрамасы қола медаль үшін өткен матчта Иран командасын жеңді.

Әйелдер арасындағы турнир айналмалы жүйе бойынша өтті. Біздің спортшылар бес кездесу өткізіп, Сингапур, Гонконг және Өзбекстан құрамаларын ұтты. Жапония мен Қытайға қарсы ойындарда жеңіліс тапты.



В Чжаоцине (Китай) завершился чемпионат Азии по водному поло. Казахстанские ватерполисты завоевали на нем две награды.


Мужская и женская команды Казахстана стали на континентальном первенстве третьими.

Ватерполисты в матче за бронзовую медаль оказались сильнее сборной Ирана. Женский турнир проходил по круговой системе. Наши спортсменки провели пять встреч, выиграв у Сингапура, Гонконга и Узбекистана. В играх против Японии и Китая казахстанки уступили.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🥇🇰🇿 Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландта өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде тағы бір алтын медаль жеңіп алды!

Керемет маусым! Еске сала кетейік, бұған дейін Кошкин Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алып, кейін Польшада өткен Әлем кубогының кезеңінде алтын, ал Нидерландта қола медаль иеленген болатын!



🥇🇰🇿 Казахстанский конькобежец Евгений Кошкин завоевал еще одну золотую медаль на этапе Кубка мира!

Потрясающий сезон! Напомним, что ранее Кошкин завоевал «серебро» Азиатских игр, затем «золото» на ЭКМ в Польше и «бронзу» на ЭКМ в Нидерландах.

📹 ISU


🥉Қазақстандық спортшы Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды.

Спортшы параллель могулда үшінші болып мәре сызығын кесті. Кіші финалда ол америкалық Тесс Джонсоннан басым түсті.

Айта кетейік, ширек финалда Городко командаласы Юлия Галышеваны жеңді. Ал жартылай финалда АҚШ өкілі Джейлин Кауфқа жол берді, кейін Кауф жарыстың жеңімпазы атанды.

Күміс жүлдені жапондық Рино Янагимото иеленді.



🥉Представительница команды Казахстана по фристайл-могулу Анастасия Городко завоевала бронзовую медаль на этапе Кубка мира в Алматы.

Спортсменка финишировала третьей в параллельном могуле. В малом финале она оказалась сильнее американки Тесс Джонсон.

Отметим, что в четвертьфинале Городко выиграла у сокомандницы Юлии Галышевой. В 1/2 финала она уступила Джейлин Кауф (США), которая в итоге стала победительницей.

Второе место на ЭКМ заняла Рино Янагимото (Япония). 


🥉Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды.

Спортшы 500 метр қашықтықта үшінші орын алды. Ол мәреге 34,30 уақыт көрсеткішімен жетіп, өз жеке рекордын жаңартты.

Жеңісті 34,18 нәтижесімен нидерландтық Еннинг Де Бо иеленді. Екінші орынды 34,27 уақытымен АҚШ спортшысы Джордан Штольц алды.

Айта кетейік, бұған дейін Кошкин Польшада өткен Әлем кубогының кезеңінде топ жарған еді.



🥉Представитель команды Казахстана по конькобежному спорту Евгений Кошкин завоевал бронзовую медаль на этапе Кубка мира в Херенвене (Нидерланды).

Спортсмен стал третьим на дистанции 500 метров. Он на финише показал 34,30. Данное время стало личным рекордом спортсмена. 

Победу одержал Еннинг Де Бо (Нидерланды) - 34,18. Вторым стал Джордан Штольц из США - 34,27.

Отметим, что ранее Кошкин выиграл ЭКМ в Польше. 


Қазақстандық Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан фристайл-могулден Әлем кубогының кезеңінде алтыншы орын алды.

Айта кетейік, спортшы негізгі финалға жолдама алған еді. Алайда жүлде үшін күресуге мүмкіндік болмады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жарысты ағымдағы кезеңдерде аяқтау туралы шешім қабылданды.

Нәтижесінде, әйелдер арасындағы орындар бірінші финалдың қорытындысы бойынша бөлінді. Онда Анастасия Городко алтыншы, ал Юлия Галышева жетінші болды.

Ерлер арасында бірінші финал толық аяқталмай қалды. Соңында Павел Колмаков бесінші орынға ие болды.



Казахстанка Анастасия Городко заняла шестое место на этапе Кубка мира по фристайл-могулу в Алматы.

Напомним, спортсменка пробилась в главный финал.

Однако побороться за медаль не удалось. Из-за плохих погодных условий было принято решение завершить соревнования на текущих стадиях.

В итоге места в женских соревнованиях были распределены по результатам финала 1, где Анастасия Городко была шестой, а Юлия Галышева - седьмой.

У мужчин финал 1 был завершён не до конца. Павел Колмаков в итоге финишировал пятым. 


В Алматы стартовал этап Кубка мира по фристайл-могулу. У женщин в главный финал турнира пробилась казахстанка Анастасия Городко.

В первом финале Городко получила от судей 71,67 балла. Она заняла шестое место, что позволило ей выйти в главный финал и побороться за медаль ЭКМ.

Юлия Галышева набрала 70,91 балла. Она стала седьмой и, к сожалению, завершила выступление.

Добавим, что в мужских соревнованиях за выход в главный финал будет биться Павел Колмаков. 


🎉 Результаты розыгрыша:

Победитель:
1. Janzakova (@DarinaJanzakova)

Проверить результаты

Показано 20 последних публикаций.