Ongar_online


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Политика


Қош келдіңіздер! Бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы!
Мұнда:
🤡 Саясат
😪 Дау-дамай
😜 Елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады.
Жарнама бойынша: +7 701 203 9786

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Политика
Статистика
Фильтр публикаций


Ертең Украинаның тағдыры шешілетін күн!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қандай тәп-тәтті балапандар! Дауыстары қандай! Майысып билеп тұрған тұрыстарын-ай😥

Есік ашылып, бөтен біреу кіріп келсе әке-шешем келді ме деп, елеңдеп қарайтын шығар((


Үш жыл бойы Украина мен Ресей арасындағы соғыс жайлы 3 әріп жазбай үнсіз отырғандар, соңғы айда «Украинаның қателігі мен Зеленскийдің кемшілігі» атты 3 томдық жазбалар жазып жатыр.

Ал орыс тілді кей телеграм арналар мен орыс тілді саясаткерлер Ресейге қарай бүйректері бұратынын ашық көрсетуде. Осылар үш жыл бойы қайда болды екен? Ертең Украина келісімге келмей, бүкіл Еуропа болып соғысты қайта жалғастырса, қайтадан індеріне кіріп кете ме?

1.6k 0 2 19 139

Украина құрлықтағы атысты тоқтатуға келіспейді, өйткені Путиннің адам санын қалпына келтіруге және соғыс қимылдарын кейінірек қайта бастауға мүмкіндігі болады, - дейді Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Лещенко.


Мен келесі аптада ресейлік банктік және энергетикалық секторларға қарсы «тозақ» санкциялар туралы заң жобасын енгіземін, - дейді республикашыл сенатор Грэм

«Егер олар [Ресей] атысты тоқтатуға және бейбіт келіссөздерге келіспесе, біз оларға қарсы тозақтық санкциялар енгізуіміз керек».


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Қытай сұмдық дамып барады. Күн санап өскен Ертөстіктей. Мына қарқынымен АҚШ экономикасын етпетінен түсірері сөзсіз. Ана сары сайтан Трамптың есіл-дерті соғыспен болсын, Қытайды тоқтату. Тезірек Зеленскийді келісімге көндіріп, Путинге Ресей басып алған жерлерді заңдастырып, орыс танктерінің ұңғысын Аспан асты Еліне қарай бұрмақшы секілді. Соңғы әрекеттері соған меңзейтін секілді.

Қытай әскері қанша жерден технологияға арқа сүйегенмен майдан көрмеген әскер. НАТО-ның қару-жарағымен жабдықталып, нұсқаушыларымен дайындалған Украина сарбаздарымен салыстыруға да келмейтіні түсінікті. Беті аулақ, егер екі империя қақтығысса біздің жағдай не болмақ? Екі түйенің ортасындағы шыбынның кебін киеміз бе?

Соңғы екі жыл АҚШ пен Ресей Орта Азиядағы үстемдік үшін таласуда. Кешегі Үндістанның мәлімдемесі де отқа май құйғандай. "Әлемдік саясатты Ресей мен АҚШ қана шешпейді. Біздің де айтарымыз бар. Жан саны жағынан әлемде бізден асатыны жоқ" деген сөз бұл Болливудтың киносында емес, ресми Нью-Делидің аузымен айтылды.

Трамптың таққа келуі әлемдік саясатты сөзсіз тығырыққа тіреді. Ауғанстан сценариінен сабақ алмаса, Орта Азия тағы да қақтығыс ошағы болары сөзсіз. Менікі болжам ғана. Сары сайтанның ертең тағы не айтары белгісіз...

Видеода Пекиндегі шопырсыз жүретін такси.


"Егер мен Starlink жүйелерін өшірсем, бүкіл Украина майданы күйрейді". Илон Маск.

"Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы" деген Фараби әулие екен.


Жаппай шабуыл: украиндық дрондар ресейлік кәсіпорындарға шабуыл жасады

Украинаның дрондары алғаш рет Чувашияға дейін ұшып, Чебоксарыдағы «Буревестник» зауытына шабуыл жасады. Бұл мұнай және мұнай өнімдерін сақтауға және жеткізуге арналған резервуарлардан тұратын мұнай базасы.

Сондай-ақ түнде Рязань маңындағы Новолипецк металлургиялық зауыты мен мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалды. Ұшқышсыз ұшақтардың ұшуы Курск және Нижний Новгород облыстарында тіркелді.

Ресей Қорғаныс министрлігі бір түнде әуе қорғаныс күштері Ресейдің сегіз аймағында 88 дронды атып түсіргенін мәлімдеді.


Суджа ауданындағы Украина қорғаныс күштерінің позицияларына газ құбыры арқылы жүзге жуық ресейліктер өткен.

Орыстар бұл операцияға бірнеше күн дайындалып, КАБ-мен жасақ шығатын аумақты тазартты. Бұл Украина Қарулы Күштері үшін күтпеген жағдай болған жоқ, бірақ логистика шектеулі болғандықтан құбырды жару мүмкін болмады.

Әңгіме Уренгой-Помары-Ужгород газ құбырының жерасты құбырлары туралы болып отыр, ол арқылы Ресей Федерациясы 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін Украина аумағы арқылы Еуропаға газ жеткізіп отырған. Бір құбырдың диаметрі 1,4 метрді құрайды. Сол бос тұрған құбыр арқылы Суджаға әскер кіргізбек болған.

Дайындықтың нашарлығынан басқыншылардың біразы газ құбырына тұншығып, қалған тірі қалғандарының шаруасын Украина артиллериясы тындырған.

Операцияны керемет сәтті өтті деп санауға болады.

2k 0 5 2 131

"Украина Қырым көпірін жаруға дайындалып жатыр" дейді Украина Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Алексей Неижпапа.


Әйел-гүл секілді...
Үзуге,таптауға болмайды!
Тіпті тәж секілді,
Жасырып,сақтауға болмайды!

Кейде әйел-түс тектес...
Оянып кеткенде таппайтын!
Мәңгілік қозғалыс,
Дем алмас,жатпайтын.

Кейде әйел-отқа да ұқсайды!
Алыстан сүйдірер,жақыннан күйдірер...
Қобыздың үні де сияқты...
Қап-қара тасты да идірер.

Кейде әйел-ауа да секілді!
Бар-жоғы білінбес...
Қазынаң қасыңда жүретін
Ешқашан бүлінбес!

Әйелдер әлемі-әдемі
Көзіңді соратын көрікті!
Әйелдер-махаббат түрмесі
Еркектер-тұтқыны ерікті!

Әйелдер,әйелдер,әйелдер
Ауыртар еркектер жүрегін...
Осынау мейрамда сендерге,
МЕН БАҚЫТ ТІЛЕДІМ!

Серік Елікбай


АҚШ соты covid-19 үшін Қытайға 24 миллиард доллар кесті! Ковид қолдан жасалған ауру дегенде бой бермеп едіңдер,ә.


Құрметті Аналар!
Қадірлі Арулар!
Мерекелеріңізбен!
Гүлдей құлпырып жүре беріңіздер!


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио мен көлік министрі Даффи министрлер кабинетінің отырысында Илон Маскпен айқайласты. Олар Маскты өтірікші, суайт деп балағаттаған.


Репост из: Beksports.kz
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚽️Самородов гол соқты

🌄“Ахматта” ойнайтын ұлттық құрама ойыншысы “Локомотив” қақпасының торын тулатты.

🇰🇿 Бұл отандасымыздың “Ахмат” сапындағы бесінші голы болды.


"Мен Ресейге сұмдық санкция салуды ойластырып жатырмын. Байдендікі менікінің қасында баланың ойыны болып қалады". Трамп
#Жындыханажаңалықтары

2k 0 0 15 107

Мен Путинге сенемін, Ресей мен біздің арамызда бәрі жақсы. Бірақ қазір олар Украинаны бомбалап жатыр. Шынымды айтсам, мен үшін Украинамен қиынырақ және оларда ешқандай көзір жоқ, - Трамп


Сирия. Латакия, Тартус. Арабтар бірін-бірі қырып жатыр. Жаңа билікке қарсы бас көтерген асадшыларды басып жаншуда.

2k 0 7 137 61

Әйел- әлем! 1.

Ертең елдің бәрі "сегізінші наурызбен" құттықтар...
Мен үшін қыз бала болашақ ҰЛТ ЖАЛҒАСЫ!
...мектеп бітірген соң Көкжырадан жырақта "комсомол жастар" бригадасында істедім.
Аты дардай болғанмен шопанмын.
...дұрысы қойшымын...
Бригада шетінде бөлек жас жанұя тұрады.
Жеңгейдің аяғы ауыр.
Қыстың басында " жедел жәрдем" келді.
Тұмса келін бармады.
Ерте десе керек...
Салбырап кеш батты.
Көрші жас жігіт маған келіпті...
-Секен- ай бөлімшеге баршы. Жеңгең толғатып жатыр..
Медсестра бар...
Алып келші.
Жеті қараңғы түнде ат табыла ма...
Атшанаға жегу- қиямет.
Шықтым әйтеуір.
Бөлімшеде кіші дәрігер жоқ!
Қайта келдім.
Бригада басшысы састы...
Аяғында сонда бәлен деген кемпір бар..
Соны әкел десті...
Жеңгеміз аласұруда.
Қайта кеттім.
Таптым үйді..
Әжеміздің құлағы ауыр екен...
Жартылай ұқты...
Көп жиналды!
Шыдамай тездетудемін..
Келсек жеңгей сұлқ жатып қалыпты!
Апам ұрсып тұрғызып алды!
Мені қасынадамын...
Тұра қашпақпын- жібермейді!
Арқанға керіп тұрғызды...
Сұйық сары май ішкізді.
...
Қалш- қалш еткен сары бала, қара кемпір, тұмса ана...
Ұлы күрес басталды!
Өмір мен өлім белдескен...
Шақалақ суреттегідей әдемі емес...
Жылбысқы көк ет!
Құйрығынан соғып шар еткен соң кіндігін кесті..
Жолдасын тосты...
Таң атты!
Сәлден соң баласын құшақтап ана қалды, бәріне кінәлі күйеу состиып шығанда жүр...
Шаршаңқы әжені ауылға апарып тастадым.
Өзім естанды халдемін.
Сол күні "жедел жәрдем" келді!
Содан бері ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНА ілтипатпен қараймын...
Тозақтан өтіп барып ҚАЗАҚТЫ көбейтіп жатқан әр АНА...
ІЗІҢДІ СҮЙЕМ!

Серік Төлеубайұлы жазушы, Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері.

Показано 20 последних публикаций.