роман не туралы десе, бірден жауап беру қиын. мүмкін романды діни семинариядан қуылған бишара Авдийдің сорлылығы туралы дерміз. онда өзге де бишаралардың сорлылығына обал болар. бір ғана роман, бірақ мұнда есерсоқ нашақорлар да, дінсоққандар да, қанішерлер де бар. табиғат еңіреп жылап, қасқырлар ұлып, киіктер қансырап қырылып жатыр. бір жақта Понтий Пилат пен Иса пайғамбар лд дебат ұйымдастырып жүр. осының бәрін бір қазанда пісірген – Айтматов. оның ғана қолынан келеді, бұл айтқанның бәрін былықтырмай, орнымен тәрелкеге салу.
сонымен «Жан пида» не туралы болды? «Жан пида» деп аударған Шерхан Мұртаза атын дөп қойған екен. расында роман әлдебір күрескерлердің жан(ын) пида қылғаны туралы. романның үш линиясы бар, әрқайсындағы әр маңызды кейіпкер әйтеуір я өзін, я өзгені құрбан еткендер, ой, жанын пида еткендер.
романдағы елеулі кейіпкер – Авдий Каллистратов. неге екенін білмеймін, өзім оны Достоевскийдің «нақұрысы» Мышкинге ұқсатқанмын. Авдий Айтматов үшін Иса пайғамбарға ұқсайтын жігіт. шіркеу қызметкерлерімен айтысқаны үшін шіркеуден қуылады. газеттегі жаңа жұмысы бойынша ол Шу алқабындағы наша саудасы туралы материал жазбақ боп, Мойынқұм даласына келеді. жұртқа ақыл айтып жүріп, талайдан таяқ та жейді. сол үшін жұртқа ақыл айтпай, жай кеңес беру керек десең. десе де Авдий әйтеуір адамның бір баласын болсын, тіршіліктің бір мақұлығын болсын құтқаруды көздейді. сол мақсатпен жүріп, ол Айтматовтың «дар ағашына» ілінген «неоиисусына» айналады.
адам емес елеулі кейіпкер болса, ол – Аққұртқа. талай баласынан айырылған аналық қасқыр Аққұртқа өз-өзімен тірлік етіп жүрсе де, ұрынарға қара таппай жүрген адамдар оның тыныш тірлігіне маза бермейді. қаншама адам баласынан өмір бойы қиянат көріп өткен Аққұртқа романдағы үш линияны өзі жалғап тұр. сондықтан «аутыр немене қасқырлардың бытавухасын айтып кете берет, құрсын» деп парақтарды өткізіп жіберуге әсте болмайды.
романдағы елеусіздеу кейіпкер болса, ол – Бостон. жоқ, бұл қаланың аты емес. Бостонның романға қандай қатысы бары соңындағы қысқа үзіндіде айтылады. оны елеусіздеу дегенмен, ол айтарлықтай маңызды кейіп. негізінен «жан пида» деген атау Бостонға да тікелей байланысты.
жалпы роман туралы ұзағынан, жұлын жегендей жағың талғанша айта беруге болады. оқып болған соң өз-өзіңмен диалог құрып, өзіңнен «сонымен шығарма Авдийдің сорлылығы туралы болды ма?» деп сұрауға да болады. роман оқыған соң ойдан оңай ұмытыла қоймайды.