🎗️ОРАЗА АЙТЫНДА ІСТЕЛУІ ТИІС АМАЛДАР:
1️⃣пітір садақасын беру
Пітір садақасы Рамазан айында, яғни Рамазан айы басталғаннан бастап айт намазына дейінгі аралықта берілу қажет. Егер пітір садақасын бермегендер болса бірінші кезекте Айт намазына дейін пітір садақасын беруі тиіс. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жәй садақа болып қалады.
2️⃣тәкбір айту
Айт күндері тәкбір (Алланы ұлықтау) айту дінде заңдастырылған амалдардан. Алла тағала Құран кәрімде:
Имам әз-Зухри былай деп баяндайтын: “Адамдар тәкбірлерді айт күні үйінен шығар кезде намаз орындалатын жерге барғанға дейін және имам көрінгенге дейін айтатын. Ал имам көрінген кезде, олар имам тәкбір айта бастағанға дейін тынышталатын, ал содан соң олар тағы да тәкбір айтатын”.
3️⃣айт намазын оқу
Пайғамбарымызﷺ өсиетiнде: «Айт күнi бiрiншi орындайтынымыз – намаз оқу», – делiнген.
Айт намазы дiнiмiзде уәжіп амал болғандықтан, Пайғамбарымызﷺ өмiрiнде оны бiр рет те қалдырмай оқыған. Ислам кез келген мерекенiң ғибадаттармен өткерiлуiн құптайды. Сондықтан айт мерекесі арнайы ғибадаттармен басталады.
4️⃣намазға шығар алдын құрма жеп шығу
Сүннет бойынша мұсылман адам намазға шығар алдында құрма дәмінен ауыз тиюі керек. Бұл пайғамбарымыздыңﷺ оразаның аяқталып, айт күндері басталғаны жайында берген белгісі.
5️⃣Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға болмайды‼️
Қуаныш пен шаттыққа толы бұл қос мейрамда мұсылмандар ораза ұстамайды. Бұл туралы Абу Са’ид әл-Худри былай деп баяндаған: «Алланың Елшісіﷺ адамдарға Ораза айт пен Құрбан айттың екі күнінде ораза ұстауға тыйым салатын»
🔆Айт күні пайғамбарымызﷺ адамдарға былай деп айтқан:
🌙 Ораза туралы пайдалы мағлұматтар алғыңыз келсе, бізге тіркеліңіз:
🔸 @oraza_kz - Ораза каналы
🔸 @orazabot - Ораза энциклопедиясы

{ وَلِتُكْمِلُوا الْعِدَّةَ وَلِتُكَبِّرُوا اللَّهَ عَلَى مَا هَدَاكُمْ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ }
Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар.
Имам әз-Зухри былай деп баяндайтын: “Адамдар тәкбірлерді айт күні үйінен шығар кезде намаз орындалатын жерге барғанға дейін және имам көрінгенге дейін айтатын. Ал имам көрінген кезде, олар имам тәкбір айта бастағанға дейін тынышталатын, ал содан соң олар тағы да тәкбір айтатын”.
3️⃣айт намазын оқу
Пайғамбарымызﷺ өсиетiнде: «Айт күнi бiрiншi орындайтынымыз – намаз оқу», – делiнген.
Айт намазы дiнiмiзде уәжіп амал болғандықтан, Пайғамбарымызﷺ өмiрiнде оны бiр рет те қалдырмай оқыған. Ислам кез келген мерекенiң ғибадаттармен өткерiлуiн құптайды. Сондықтан айт мерекесі арнайы ғибадаттармен басталады.
4️⃣намазға шығар алдын құрма жеп шығу
Сүннет бойынша мұсылман адам намазға шығар алдында құрма дәмінен ауыз тиюі керек. Бұл пайғамбарымыздыңﷺ оразаның аяқталып, айт күндері басталғаны жайында берген белгісі.
5️⃣Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға болмайды‼️
Қуаныш пен шаттыққа толы бұл қос мейрамда мұсылмандар ораза ұстамайды. Бұл туралы Абу Са’ид әл-Худри былай деп баяндаған: «Алланың Елшісіﷺ адамдарға Ораза айт пен Құрбан айттың екі күнінде ораза ұстауға тыйым салатын»
🔆Айт күні пайғамбарымызﷺ адамдарға былай деп айтқан:
يَا أَيُّها النَّاس أَفْشُوا السَّلامَ وَأَطْعِمُوا الطَّعامَ وَصِلوا الْأَرْحَامَ وَصَلوا بِالليلِ وَالنَّاسُ نِيامٌ تَدْخُلُوا الْجَنَّةَ بِسَلَامٍ
«Ей, адамдар, бұл күні сәлем жайыңдар, тамақтандырыңдар, туыстық қатынасты күшейтіңдер және адамдар ұйқыда болған кезде намаз оқыңдар, еш алаңсыз жәннатқа кіресіңдер
»