📍ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ШӘУУӘЛ
Шәууәл айының тарихы Исламға дейінгі надандық дәуірінен бастау алады. Көне арабтар Шәууәл айын жамандыққа ырымдаған. Бұл айда ерлі-зайыптылардың бас қосуы дұрыс неке болмайды деген соқыр сенімде жүрген.
Олардың Шәууәлді жаман ырымға балаған себебі - есте жоқ ескі замандардың бірінде үйленгісі келген жастардың бірнеше жұбы дәл осы Шәууәл айында қатерлі оба ауруына шалдыққан деген аңыз айтылады. Ал надан арабтар сол тағдырдың қайталануынан қорқып, Шәууәл айында үйленбеу керек деп санаған. Шәууәлда үйлену қажет болса, аспанға көгершін ұшырып, соның ұшуына қарай әрекет еткен. Яғни, тағдырын құстың ұшуына байлап, Аллаға серік қосып адасқан. Арнайы ұшырылған құс оңға не алға қарай бағыт алса, олар мұны жақсылыққа балап, Шәууәлда үйлене беретін. Ал егер әлгі құс ұшқан бетте сол жаққа не кейін қарай бағыт алса, олар мұны жаман ырымға балап, үйленуді тоқтататын болған. Алайда адамдардың тағдыры құстың немесе уақыттың емес, Алла Тағаланың қолында еді. Сондықтан Ислам келісімен аталмыш сенімдер өзінен өзі ұмытылды.
🌙 Ораза туралы пайдалы мағлұматтар алғыңыз келсе, бізге тіркеліңіз:
🔸 @oraza_kz - Ораза каналы
🔸 @orazabot - Ораза энциклопедиясы