Репост из: ТРК Президента
🇰🇿🇭🇺Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
✉️✉️✉️✉️✉️✉️
– Отыз жыл бұрын Қазақстан өз елшілігін Мажарстанға жіберді. Бұл еліміздің Орталық Еуропадағы тұңғыш елшілігі болды
– Елдеріміздің экономикалық әлеуеті мол, оны толыққанды игеру өте маңызды. Сондықтан бұл сапарымның басты мақсаты – ынтымақтастығымызға жаңа серпін беру
– Мажар елі – Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді стратегиялық әріптесі. Бүгінгі берік саяси ынтымақтастық пен тығыз экономикалық байланыс – соның айқын дәлелі
– Алдағы меже – өзара алыс-берісті $1 млрдқа дейін арттыру. Біз Мажарстанға жалпы құны $700 млн болатын 95 тауар түрін жеткізуге дайынбыз
– Мажар компаниялары Қазақстандағы инвестициялық жобаларға қызығушылық танытып отыр. Елімізге 2005 жылдан бері $370 млн мажар инвестициясы тартылды.
– «UBM» холдингімен жем шығаратын үш зауыт салу туралы жобаға қол қойдық. Оның құны – $62 млн
– Бүгін «KTZh Express», «L.A.C. Holding» және «Xi'an Free Trade Port Construction and Operation» компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл – аймақтағы экономикалық қарым-қатынастың жарқын көрінісі.
– Азиядан Еуропаға құрлықпен тасымалданатын жүктің 85%-ы Қазақстан арқылы өтеді. Алдағы уақытта бұл бағытпен 10 млн тонна жүк жеткізілетін болады
– Биыл Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Мажар құрама командасы белсене қатысты. Қолдауларыңызға рақмет айтамын
– Мажар үкіметінің қолдауымен соңғы 10 жылда Қазақстан студенттеріне оқу гранттары бөлініп жатыр. Соның нәтижесінде бірнеше мың жастарымыз Мажарстанның жоғары оқу орындарында білім алды.
@ptrkkz