«Өзенмұнайгаз» АҚ Ұжымдық шарттың тармағына қатысты нақты түсініктеме береді.
«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Қуаныш Бекмағанбетов Бұрғылау жұмыстары басқармасының қызметкерлеріне (БЖБ) жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы төлемдерін төлеу туралы түсініктеме береді.
БЖБ кәсіподақ төрағасы Таған Қощановтың жұмысшыларға Ұжымдық шартты түсіндіріп жатқан бейнежазбасы әлеуметтік желі арқылы таралған болатын.
Ресми мәліметті ұсынсақ, қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі Еңбекақы төлеу ережесіне сәйкес жұмыскерлердің базалық тарифтік ставкасы міндетті зейнетақы жарнасы (бұдан әрі – МЗЖ) және жеке табыс салығы (бұдан әрі – ЖТС) ескеріле отырып белгіленеді. МЗЖ және ЖТС 0,816 коэффициентін қолдану арқылы базалық тарифтік мөлшерлеме ішінде жұмыс берушінің есебінен қарастырылады.
Бұл жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалатын еңбек шартында, сонымен қоса еңбекақы түбіртегінде көрсетіледі.
Ұжымдық шарттың тармақтарын қолданыстағы заңнамалардың (ҚР Еңбек, Салық кодексі) нормаларына сәйкестендіру мақсатында 2017 жылы желтоқсанда Ұжымдық шартқа өзгерістер енгізілді.
Бұл ретте Ұжымдық шартқа енгізілген өзгерістерге қарамастан, міндетті зейнетақы жарналарына және жеке табыс салығына арналған шығыстар жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр.
Мысалы:
5-дәрежелі оператордың оклады 566 638 теңге. Оған жұмыс беруші өз қаражаты есебінен 0,816 коэффициентін қолдану арқылы 127 771 теңге қосады (МЗЖ және ЖТС), нәтижесінде жұмысшының оклады 694 409 теңге болады.
Окладты норма 163,33 сағатқа бөле отырып жұмысшының 1 сағаттық тарифы анықталады, яғни 4 251,57 теңге (694 409 / 163,33 = 4251,57 МЗЖ және ЖТС қоса алғанда). Еңбекақы түбіртегінен көруге болады.
Жұмысшының жұмыс жасаған 180 сағатына, 33,3% сыйақы мөлшеріне сәйкес еңбекақы есептеледі (начисление), жалпы сома 1 020 122 теңгені құрайды.
Бұл сомадан 10% (102 012) теңге салық ұсталмастан зейнетақы қорына аударылады (ЕНПФ), қалғаны – 918 110 теңге.
918 110 теңгеден стандартты шегерімдерді 68 688 теңге ескере отырып (14 АЕК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы (ОСМС), қалған 849 422 теңгеге 10% ЖТСесептеледі. Салық көлемі – 84 942 теңге.
1 020 122 теңгеден – 102 012 т., – 84 942 т. алынады. Жұмысшының таза еңбекақысы 833 167 теңгені құрайды.
Егер кері қарай есептегенде, яғни 0,816 коэффициенті қолданбағанда, жұмысшының таза еңбекақысы сақталып отыр.
Жұмыс беруші жұмысшының таза еңбекақысына әсер етпей, МЗЖ және ЖТС төлемдерін жоғарыда қосып, төменнен ұстап отыр.