Мәскеу қаласында Ресей Әскери күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің басшысы, генерал-лейтенант Игорь Кириллов өлтірілді. Жарылғыш зат генералдың үйінің алдындағы самокатқа орнатылған. Генерал үйіне кірер сәтте жарылыс болып, екі адам көз жұмды. Олар генерал мен оның көлік жүргізушісі болатын.