Ирак жеріне қашып келген Асад сарбаздары қайтадан Сирия жеріне қайтарылды. Соңғы аптада ХТШ мен Ирак арасында осы мәселе бойынша келіссөз өткен еді. ХТШ сириялық сарбаздарға рақымшылық жасалатынын айтқан соң, Бағдад сириялық сарбаздарды кері қайтару процесін бастады. Жалпы 2500 сарбаз Сирияға қайтарылады.