Баласын жұлқылап, жекіп, оған бұйырып сөйлеп тұратын әке-шешелерді көргенде, кезінде өз қалауларын айта алмаған, іштен тынған, тыңдалмаған кішкентай балаларды көрем. Әлі солай өмір сүреді. Өзінің проблемасына шамасы келмеген соң моральдік тұрғыда әлсіз балаға күш көрсетеді.