Поэзия өлеңдер Қазақша🇰🇿


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


Поэзия оқуға қызығушы жастарға арналған арнамызға қош келдіңіз.Арнамызда өлеңдер және оқк үшін фон музыкалар барлығы сіздер үшін🇰🇿
@uska_agay сұрақтар бойынша😊
Инстаграм арнамада тіркелші😊👇
@ozanchik03

T.me/poeziya_muzika

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


Дауыс чат ашық


Кім бар


Бұлай бірінші рет оқып тұрмын 🙈😁


Өмір жайлы киноларда айтылған керемет сөздер❤️😊

@gashykzhan👍
#деректі


Сезім көп🥹❤️

@gashykzhan 😍
#поэзия


Репост из: Қазақша әдеби кітаптар
Ассалаумғалейкум қалайсыздар дәл қазір кешті көңілді өткеріу үшін Инстаграм да тікелей эфирде ән айтып жатырмыз

👇👇👇👇👇👇👇👇👇
https://www.instagram.com/nurkanat_sagidulla

👆👆👆👆👆👆👆👆👆

Тікелей эфирдеміз қолдап кіріңіздер 😊🐥🧡


Уақытқа айттым сені сүйетінімді,
Қиқаң етті иығы.
Тағдырға айттым сені сүйетінімді,
Үндеген жоқ, бұйығы.

Жүрекке айтпақ болдым сағынғанымды,
Көтерген жоқ тұтқаны.
Жолдарға айттым саған сабылғанымды,
Ұққан болды,
Ұқпады.

Жылдарға айттым сені ойлағанымды,
«Отыр» деді, жөтеліп.
Жаңбырға айттым сені тойлағанымды,
Көкке көзе көтеріп!

Түндерге айттым саған жоғалғанымды,
Жалт ойнады төбемде.
Теңізге айттым сенен оралғанымды,
Шындығында, сенен бе?!

Тауларға айттым сені іздегенімді,
Асқақ мені шың ба ұғар?!
Аспанға айттым күдер үзбегенімді,
Жапалақтап тұрды қар...

Мирас Асан


Дос деп ем… Жауым ба, кім?
Бөтендеу бауырларым…
Мен енді кімге айтамын,
Жанымның ауырғанын?

Сүйемін, сезім деппін,
Ес жиған кезімде ұқтым –
Өзіме өзім жалғыз,
Өзіме өзім көппін!

Бақ бар ма, бес күнде көп?
Сұрама кештің бе деп.
Жадымда талай жан бар –
Жанымда ешкім де жоқ.

Жақыным – жауым, бәрін
Тағдыр деп қабылдадым.
Көшемде – көктем, көктем!
Көңілде – жауын, жауын…

Жадыра Байбұланова




Сәлем жаным 😌❤


Сені іздеймін 😊


Репост из: gashyk zhan💚
Тағыда дәлелдеп бердік,
Шын ғашықтардың қосылмайтынын🥹

@gashykzhan 😘❤️


Сені іздеймін.
Жүргендейсің жалғанда тұрақтамай,
Сәулелі таңды құшқан бұлақтардай,
Көп жандардың ішінен іздеп жүрмін,
Әйтпесе,құрғыр жүрек шыдатпадай.

Шыдатпадай.
Өзіңді көру үшін шар құратын,
Көргенде шашырасын нұр өңімнен.
Кейде іштей қызғанып шыр айналам,
Саған қарап жүргендей кім көрінген.

Бұл өмірден өтермін сені іздеумен,
Биік таудың көрінбей белестері.
Толқындай толқып тұрған теңіз кеудем,
Сені көрмей тыншитын емес тегі.

Мен тал болсам,сен биік шалқармысың?
Биіктесің,сонда да тартар күшің.
Тапсам сені көзіме қарап тұрып,
«Сені іздедім» деп маған айтармысың?

Диана Мұратқызы


.....

Тағдыр қырсық әлде,біз бе сондай?
Сен менің жүрегімді езген ұдай.
Сүре бер өміріңді алаңсыз,
«Сен онсыз бақыттысың», дей ме,Құдай?

Біздегі ыза-кекке кектенемін.
Сенің жаққан жалынына өртенемін.
Жүрегімде тыртық болып іздері қалды,
Сен жүрекке ауыр арқан таққан жердің.

Жүрегімнің көз жасына тұншығамын,
Тұншығып,тамшылардан жалығамын.
Жарасы бар,емі жоқ жүрегімнің,
Көз жастарын алшы саған ұсынамын...

Абыллаева Ғалия




Сәлем жаным
Қалың қалай, қадірлім?!
Тілегіңмен сәні кірді таңымның.
Саған ғана жаза бергім келеді
Ең бір көркем өлеңдерін жанымның.

Өзің барда сынақ та емес бүгін сын,
Қарашығым саған ғана үңілсін.
Жаным деші, жаным дейік жанымыз -
Жаным деген жақсы сөзге жылынсын.

Сезімталсың ұғар бәрін көзімнен
Саған дұға тілеместен көз ілмен.
Иығыңа басым қойып сол кеште
Алып қамал қорғайтынын сезінгем.

Басымыздың бар-ау осы зор бағы,
Жүрегімнің бола берші қорғаны.
Толқуым да, қорқуым да тыйылар
Құшағыңа ене кетсем болғаны!..

Өмірім мен өлеңге қош келдіңіз
Жаным деуден жалықпасын ерніміз
Бірін-бірі қашықтықтан сезетін
Екі тәнде бір жанбыз ғой енді біз!..

Өзің барда сынақ та емес бүгін сын,
Қарашығым саған ғана үңілсін.
Жаным деші, жаным дейік жанымыз -
Жаным деген жақсы сөзге жылынсын.

#яан


...

Өзге жанды ұнаттың ба,түсінбедім,
Көз ілмей хаттарыңды күтуші едім.
Сені ойлап жатқанымда қарбаласып,
Тереземнен таң көрінді күңіреніп.

Шақырымдар алыстады,сенде алыс,
Сен деп соғар жүрегімде әрбір қағыс.
Ұнатып сен өзгені жүре берші,
Тәңірімнен тіледім саған бақыт.

Бақыт құсы өзіңнен жырақтамас,
Өзге ешкім дұғамнан орын алмас.
Қол жайып,Алладан саулық сұрап,
Сені қорғайды мендегі-дұға,намаз.

Абыллаева Ғалия


Махаббатта өзінше әркім батыр ес,
Бақыт үшін арпалысып жатырмыз
Сенер тұста сенбеген боп шығатын,
Мама,сенің күйеу балаң "қатігез".

Сағынамын,бірге өткен күзді аңсап,
Есімде жоқ тағдырымды бұзған шақ.
Біреу үшін маған сенім жоғалтқан,
Мама,сенің күйеу балаң "қызғаншақ".

Өтседағы талай бірге күн қызық,
Еркелікті сабырға жүр бұрғызып.
Көңіліме қарап тұрып ренжітер,
Мама,сенің күйеу балаң "тым бұзық".

Бар бақытын жоқ қылады бірде ұрысып,
Жүргеніммен жеңе алмаймын білгірсіп
"Акымағым"-деп әбден жылататын,
Мама,сенің күйеу балаң "бір қырсық".

#поэзиятекст


Сағынып жүрсің бе сен мені?
Сағыныш сезімнің ермегі.
Ұмытқың кеп жүрген шығар деп,
Көзіңе көріңгім келмеді.

Бір адам жаныңда барма шын?
Онда ол өмірін арнасын.
Смс жібергім келмеді,
Жаман ой сақталып қалмасын.

Ел тыңдап көрмеген жұмбақ тым,
Келіп жүр бір өлең тыңдатқым.
Өлеңмен ұқтырып барлығын,
Қош сау бол, дер едім қымбаттым.

Армандар көп еді аңсаған,
Енді мен бәрінен шаршағам.
Бірақ сен шаршама, күлімде,
Бақытты боп жүру тән саған....

Авторы: Дастан Матниязовв
#поэзиятекст


Жырмен ғана жеткіземін лебізді,
Өмір мені әлі талай сынайды.
Өлеңіме арқау қылып негізгі,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.

Қараша кеп, қаңырады солғын бақ,
Қайыңдар да - адамдарша жылайды.
Армандардың арасынан қол былғап,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.

Кім түсінер күзге айналған күйімді,
Бір ой келіп қозғайды ғой мың ойды.
Тағдырымнан тартып алып сыйымды,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.

Махаббатты жүрмесем де ұран ғып,
Жүрек дәйім сені ғана сұрайды.
Соңғы үмітті тағып алып - тұмар ғып,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.

Жұлдыздар да жазғанымды жаттапты,
Өздерінше олар да өлең құрайды.
Қиялыма ерік беріп тәп-тәтті,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.

Күдігіңді жауған қарға жеңдіріп,
Көңілдегі сейілтіп көк тұманды.
Бір бақыттың күтеріне сендіріп,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.

Ғашықтардың шырқалады әні бір,
Күтуменен өткізермін жыл-айды.
"Сүймеймін", - деп айтсаң-дағы бәрібір,
Маған сені жақсы көрген ұнайды.

Авторы:Мұқағали Сейітқазы
#поэзиятекст

Показано 20 последних публикаций.