Санамнан ойлар сан алуан,
Сабылып сыйлап саған мән.
Жылауық жаным тағыда,
Жылулық күтті ғаламнан.
Жылулық күтсем сол мұңым,
Ең соңғы дұғам, соңғы мұң.
Қамқорлық қылсам ерлігім,
Қамқорлық күтсем сорлымын.
Шерменен уайым шеккенім,
Көптен көп жырақ шеттемін.
Сүйікті болам деп жүріп,
Сүйкімсіз болып кетпегім.
Бар болмай әсте жоғалмай,
Самалдай сәттік соғам жай.
Өзімді жүрмін дәл сендей,
Бақытқа лайық көре алмай.
Жарығым
Сәндібай Піржан Ерлан ұлы екен
Сабылып сыйлап саған мән.
Жылауық жаным тағыда,
Жылулық күтті ғаламнан.
Жылулық күтсем сол мұңым,
Ең соңғы дұғам, соңғы мұң.
Қамқорлық қылсам ерлігім,
Қамқорлық күтсем сорлымын.
Шерменен уайым шеккенім,
Көптен көп жырақ шеттемін.
Сүйікті болам деп жүріп,
Сүйкімсіз болып кетпегім.
Бар болмай әсте жоғалмай,
Самалдай сәттік соғам жай.
Өзімді жүрмін дәл сендей,
Бақытқа лайық көре алмай.
Жарығым
Сәндібай Піржан Ерлан ұлы екен