Кешір мені
Кеше салқын болғаны үшін,
Бүгін жаңбар жауғаны үшін.
Қолшатырың үйде қалып,
Алақаның тоңғаны үшін,
⠀
Жарық тағы сөнгені үшін,
Жаның жазға сенгені үшін.
Кешке үйге қайтар көлік,
Тым кешігіп келгені үшін.
⠀
Түсінбейтін сәттер үшін,
Күн көңілсіз өткені үшін,
Қасық жерге түскені үшін,
Шәйнек тасып кеткені үшін.
⠀
Иә, тек мен кінәлімін,
Иә, тек мен кінәлімін!
Керек емес түсінуің,
Керек емес ұға алуың!
⠀
Жанбас қайта, өшіргені,
Айта алмайсың шешім кері.
Секунд,
Минут,
Сағат,
Тәулік,
Барлығы үшін кешір мені!
Барлығы үшін кешір ме - ні!
Әлішер Әлімжан
Кеше салқын болғаны үшін,
Бүгін жаңбар жауғаны үшін.
Қолшатырың үйде қалып,
Алақаның тоңғаны үшін,
⠀
Жарық тағы сөнгені үшін,
Жаның жазға сенгені үшін.
Кешке үйге қайтар көлік,
Тым кешігіп келгені үшін.
⠀
Түсінбейтін сәттер үшін,
Күн көңілсіз өткені үшін,
Қасық жерге түскені үшін,
Шәйнек тасып кеткені үшін.
⠀
Иә, тек мен кінәлімін,
Иә, тек мен кінәлімін!
Керек емес түсінуің,
Керек емес ұға алуың!
⠀
Жанбас қайта, өшіргені,
Айта алмайсың шешім кері.
Секунд,
Минут,
Сағат,
Тәулік,
Барлығы үшін кешір мені!
Барлығы үшін кешір ме - ні!
Әлішер Әлімжан