ЖАРЫҒЫМ
Күдер, күдер!
Күрделі, Ұлы шынжыр.
Сезім, сезім!
Сұлу сөз, үні сылдыр.
Жүрегіңнің қағысын маған арнап,
Шексіз сүйдің үзілмей үмітің бір.
Мен де сүйдім үздігіп, үнсіздікпен,
Бір ақылмен,
Бір оймен,
Бір шындықпен.
Махаббатқа масайтып, мені саған,
Тәңір байлап қойғандай тылсым жіппен.
Біз әуелден әлемге жалғыз, жалғыз,
Жаны бірге жаралған тағдырлармыз.
Сағынышпен, аңсармен дәл осындай
Арыламыз түбінде бар мұңнан біз.
Нұр жүзіңе талмадым тамсанудан,
Мен солайша құтылдым қанша мұңнан.
Жарығым-ау,
Жоғалту қандай қиын,
Сәттің бәрін — мен сүйген, сен сағынған!
Сәттің бәрі — мен сүйген, сен сағынған,
Көз алдымда сырғыды-ау сонша жылдам.
Менің мына күнәһар болмысымды,
Жалғыз сенсің — ұнатқан болса бір жан!
Мұқағали ТАШКЕНОВ
Күдер, күдер!
Күрделі, Ұлы шынжыр.
Сезім, сезім!
Сұлу сөз, үні сылдыр.
Жүрегіңнің қағысын маған арнап,
Шексіз сүйдің үзілмей үмітің бір.
Мен де сүйдім үздігіп, үнсіздікпен,
Бір ақылмен,
Бір оймен,
Бір шындықпен.
Махаббатқа масайтып, мені саған,
Тәңір байлап қойғандай тылсым жіппен.
Біз әуелден әлемге жалғыз, жалғыз,
Жаны бірге жаралған тағдырлармыз.
Сағынышпен, аңсармен дәл осындай
Арыламыз түбінде бар мұңнан біз.
Нұр жүзіңе талмадым тамсанудан,
Мен солайша құтылдым қанша мұңнан.
Жарығым-ау,
Жоғалту қандай қиын,
Сәттің бәрін — мен сүйген, сен сағынған!
Сәттің бәрі — мен сүйген, сен сағынған,
Көз алдымда сырғыды-ау сонша жылдам.
Менің мына күнәһар болмысымды,
Жалғыз сенсің — ұнатқан болса бір жан!
Мұқағали ТАШКЕНОВ