«Теледидар» техникасы (практика-медитация)
Егер сізді мазалаған жағдайға әсер ету мүмкіндігіңіз болмаса, және ол жағдай сізге ауыр болса, «Теледидар» техникасын пайдаланып, күйзелісті жеңілдетуге болады.
Практиканың мәтіні:
1-бөлім
Ішкі ойларды тыныштандыру үшін терең тыныс алуды бастаңыз. Ыңғайлы күйде отырыңыз немесе жатыңыз. Ауызбен тыныс алып, мұрынмен тыныс шығарыңыз. Тек тыныс алуға назар аударыңыз. «Бір-екі» деп ішке тыныс алып, «үш-төрт» деп сыртқа тыныс шығарыңыз. Мазалаған ойдан алыстап, сабырға келіңіз. Өзіңіздің денеңізді сезініңіз – саусақ ұшынан басыңыздың төбесіне дейін босаңсытыңыз. Ойша денеңізді қарап шығып, қаншалықты босаңсығаныңызды тексеріңіз. Тыныс алуды ұмытпаңыз.
2-бөлім
Көзіңізді ақырын жұмыңыз. Теледидар қарап отырғаныңызды елестетіңіз және қолыңызда пульт бар. Экранда сіздің жағдайыңыз жайлы фильм немесе бағдарлама көрсетілуде. Өзіңізді сырттан көріп отырғаныңызды елестетіңіз. Алдыңғы бөлімдегі тыныс алу ырғағын жалғастырыңыз. Сіз сабырмен қарайсыз, экрандағы сурет біртіндеп күңгірттеніп, түс жоғала бастайды. Көрініс ақ-қара түске ауысып, бұлыңғырланады, адамдар мен оқиғаларды ажырату қиынға айналады.
3-бөлім
Антенна бұзылып қалғанын сезінесіз және тыныс алуды жалғастырасыз. Қолыңыздағы пультпен басқа бағдарламаны іздейсіз. Сізге жағымды әрі қызықты болуы мүмкін басқа көріністі табуға тырысыңыз. Бұл жаңа бағдарламада күйзеліспен байланысты ешнәрсе болмауы керек. Жақсы естелікке толы бағдарламаны тапсаңыз, мысалы, демалыстағы немесе достармен кездесудегі сәттерді, сол көріністі анықтаңыз. Сурет түрлі-түсті, айқын әрі позитивті болуы маңызды.
4-бөлім
Өміріңіздегі жағымды сәттерді сырттай бақылап қараңыз. Көрініс қызықты болғанша бақылай беріңіз. Бұл жерде де өзіңізді сырттай көріп тұрғаныңызды ұмытпаңыз. Көріністі ғана емес, адамдардың дауыстарын, әуенді немесе басқа дыбыстарды естуге тырысыңыз. Позитивті көңіл-күйді әрдайым қосу үшін денеңіздегі «құпия нүктені» табыңыз, мысалы, құлақтың ұшын. Сол нүктені ұстап, сол сәттегі сезімдеріңізді есіңізде сақтаңыз.
Тынысыңызды біртіндеп қалпына келтіріп, көзіңізді ашып, босаңсу күйінен шығыңыз.
Бұл жаттығуды дұрыс орындасаңыз, өзіңізді жеңіл сезінетініңізге сенімдімін.
Күйзеліс кезінде «құпия нүктеге» басып, позитивті эмоцияларды қосуға болады.
https://t.me/psy_consultt